Олимпиада медалінің салмағы қанша?

Олимпиада медалінің салмағы қанша?

Лондон Олимпиада ойындарында бәс тігілген медальдар көлемі мен сал­ма­ғы жағынан бұрынғы­ла­рынан әлдеқайда ауыр болғанымен, өзіндік құны мен құрамы бойынша арзанырақ болып шықты. Алайда жан алысып, жан берісер бұл үлкен додадан жүлделі қайтқан спортшы­лары­мыз үшін біздің еліміз ағылшындар секілді үнем жасап отырған жоқ.

Ағылшынша үнем
Олимпиада жүлдесі спорт әлеміндегі теңдессіз мәртебе екені белгілі. Сондықтан бұл жүлдені жеңіп алу – кез келген мемлекеттің, соның ішінде спортшылардың бас арманы. Бірақ қиян-кескі айқас әрі жылдар бойғы маңдай термен ғана қол жеткізілетін мұндай медальдардың өзіндік құнын бізде бірі білсе, бірі біле бермейді. Кеше ғана бір айға жуық уақыт ішінде көз алдымызда өткен Олимпиаданың ХХХ жазғы дүбірлі додасына тігілген медальдар  спорт тарихындағы ең көлемдісі болып табылды: салмағы шамамен 400 грамм, диаметрі 85 миллиметр, қалыңдығы 7 миллиметр (2008 жылғы Бейжіңдегіден екі есе жуан). «Бірақ, шынтуайтында, мәртебесі болмаса, бұл жолғы Олимпиада медальдары құнды деп айта алмаймыз» деп жазады ағылшынның Daily Mail газеті.  Аталған басылымда келтірілген дәйектерге сүйенер болсақ, Лондонда берілген алтын медальдың 1 пайызы ғана алтыннан тұрса, қалған 92,5 пайызы – күміс және 6,16 пайызы мыс екен. Яки жергілікті ақшаға шаққанда ол шамамен 410 фунт стерлингті немесе 706 долларды құрайды. Күміс медальдың құрамында арзан мыс көбірек. Өзіндік құны – 210 фунт стерлинг немесе 329 доллар. Қола медальдың 97 пайызы – мыс, ал қалғаны – цинк пен қалайы, ба­ға­сы – шамамен 3 фунт стерлинг немесе 4,7 доллар.  Осы­лайша құрамынан үнем­де­ген ағыл­шын­дар медальдың бағасы тұрғысынан ұтып тұрған көрінеді. Мәселен, Бейжіңде берілген алтын медальдың өзіндік құны сол кезде 215 доллар, оның алдыңғысында Афиныда 155 доллар, Сиднейдегісі 80 дол­лар болған еді. Ол кезде халықаралық нарықта бағалы металдарға деген сұраныс та айтарлықтай емес еді. Тек соңғы кезде әлемдік қаржы­лық дағдарыс қыс­паққа алып, валюта нарығында тұрақ­сыз­дық қалыптас­қанда бағалы метал­дардың бағасы шарықтап шыға келді. Сол себепті де ағылшындар ме­дальды дайын­дауда үнем жасауға тырыс­қан көрінеді.
Қалай дегенмен де шетелдік бизнес басылымдардың жазуынша, Олимпиада медалінің иегерлері жүлдесін сатқысы келсе, оны бөлшектеп ломбардқа өткізбей­ді, ақылға қонымдысы – аукцион. Мәсе­лен, таяуда еBay электронды саудасында Олимпиаданың күміс медалі 7 мың дол­ларға сатылыпты.
Олимпиада медаліне берілетін сыйақыға спортшылар зәру ме?
Төрт жылда бағы мен бабы бір сыналар сәттегі жүлдеге  ілігуші спортшыларын қар­жы­лай марапаттауға келгенде де ағыл­шын­дар сараңдық танытыпты. Ұлы­бри­тания үкіметінің шешімі бойынша, «өз жері мен елі алдында өнер көрсетіп жат­қан­дықтан, мұндай ынталандыру сый­лығын спортшылары қажет етпеуі тиіс».
Жалпы, экономикалық жағынан дамы­ған елдерге қарағанда дамушылары бұл ретте жоғары ставка белгілеген. Олим­пиадаға қатысушы 204 мемлекеттің ішінде алтын медальды 1 200 000 долларға ба­ға­лаған ел де бар көрінеді.
Ал Қазақстан алтынды иемденген жүл­де­геріне – 250 000, Беларусь – 150 000,  Ресей мен Украина 120 000  дол­лар тағайындаған. Батысқа бас бұр­сақ, Италия алтын медальға – 172 000, Фран­ция – 50 000, АҚШ – 25 000, Германия 18 300 доллар көлемінде сыйа­қы белгілепті.
Бұл деректерден белгілі болғаны, Олимпиада медаліне берілетін сыйақы қаражаты әр елде әртүрлі. Оның себебі неде? Саясаттанушы Уәлихан Төлешов: «Бізге қарағанда батыстың спортшылары мұндай ынталандыру қаржысына зәру емес», – дейді.
Уәлихан ТӨЛЕШОВ, саясаттанушы:
– Біздегі Олимпиада жүлдегерлеріне белгіленген сыйақы көлемін жылдан- жылға қарай арттыра беру керек деп есеп­теймін. Өйткені бұл спортшылары­мыз үшін ынталандырудың ең тиімді тетігі болып табылады. Бізде батыстағы­дай коммер­циялық спорт дамымаған. Сон­­дық­­тан бұл салаға көбі қызықпай­ды. Ал ынталандыру қаржысы – спорт­шы­ларға серпін беретін бірден-бір тетік. Батыс үшін танымал бол­саң жеткілікті. Жеңімпазды дамыған елдер­де аяғын жерге тигізбей әр корпора­ция келісім­шарт­қа отырғызып, жұмыспен, үлкен қаржымен қамтиды. Көбіне оларды жарнама беті үшін пайдаланады. Мәсе­лен, ресейлік теннисші Мария Шарапо­ва бірқатар халықаралық корпорация­мен келісімшартқа отырып, жарнамаға түседі. Оның жылдық табысы – 10-20 млн дол­­лар. Канада, Солтүстік Америка хок­кейі құрамында ойнап, ресейлік хок­кейшілер де жылына миллиондаған та­быс тауып отыр. Демек, мықтылардың ком­мерциялық спортқа кетіп қалмасы үшін оны бізде де жетілдіру керек. Оған дейін Олимпиада жеңімпаздарына бе­ріле­тін сыйақыны арттыра беру керек деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста