Ел рухын асқақтатқан саңлақтар

Бағзы баһадүр-батырлықтың бүгінгі бейбіт күндегі синонимі – Олимпиада, әлем чемпионы һәм байрақты бәсекелердің жеңімпазы атанып, ел мерейін асқақтатын спорт саңлақтары. Лондондағы ХХХ Олимпиада ойындарында жалпы есепте 12-орынға бір-ақ көтерілген Қазақстан спорттық держава ретінде мойындала бастады. Қазіргі кезде әр қазақстандықтың бойын олимпиадалық рух, жеңімпаздық көңіл күй мен ұлттық мақтаныш кернеп тұр десек артық айтқандай болмаспыз. Себебі Қазақстан бұрын-соңды Олимпиадалардан үш алтыннан артық алып көрген емес, үздік «жиырмалықтың» қатарына ілігу арман болатын. Тұманды Альбионда сағым-арманымызға қол жеткіздік, енді Рио-де-Жанейро Олимпиадасында биік белестерге иек артуымыз керек.

Спорт елді біріктірді
Алғашқы күні мен соңғы күніне дейін алтын жауған Олимпиада қуа­ны­шы бүкіл қазақстандық жан­күйер­лерді мақтанышқа бөлеп, идеялық жағынан біріктірді, алмастай бірлігін нығайта түсті. Өзге елдер көп­эт­ни­ка­лық Қазақстанның жетістіктеріне қы­зыға да, қызғана да қарады. Ресей­лік «Московский комсомолец» басы­лы­мын­да жарық көрген «Қазақ­стан­дық­тардың ұлттық мақтаныштары» деген ма­қаласында Игорь Кармазин Қазақ­станның Олимпиададағы же­тіс­тік­те­рінің құпиясын ұлтаралық татулық пен қазақстандық идентификациядан іздейді. Өз елінің жанкүйерлерінің ұлтқа бөлінетін әдетіне қынжылған ол «қазақ жанкүйерлерінің қасында біз­дің жанкүйерлердің әлеуметтік желі­лердегі сөздері – ұят. Бізде ұлтқа бөліну, чемпиондарды да ұлтқа бөлу бар. Бізге қазақ көршілеріміздің спорт­та жеңу тәжірибесінен бөлек, ұлтты сыйлау мәдениетін де үйрену керек» деп жазған.
Олимпиададағы таңғажайып табысы­мыз күллі қазақстан­дықтар үшін ортақ жеңіс екенін, байрақты додада атой салған өзге ұлт өкілдерін қазақ деп бауырына басатынын тағы да паш етті. Осындай бірліктің нышанына әлеуметтік желілердегі мыңдаған пікірден көз жеткіздік. Твиттер­дегі Adil Liyan @Adil_Liyan деген пайда­ланушы «Лондон Олим­пиадасы қазақстан­дықтарды біріктірді. Әлем біз туралы көбірек танып-білді. Біз қазақ­стандық­тармыз және біздің күшіміз – бірлікте!» деп жазды. 
Спорт – әр мемлекеттің ұлттық идеясы
Лондондағы табысымыз кездейсоқтық емес, былтырғы қысқы Азия ойындарын­дағы жетістігіміздің жалғасы. Олимпиада қарсаңында медаль саны жөнінен әлемдік рейтингіде – 14-інші, алтын саны жағынан 23-орында болғанбыз.  Спорттағы жетіс­тік­теріміз еліміздің идеологиялық берікті­гіміз­дің негізі болмақ. Кез келген ел үшін спорт – қоғамды ортақ ұлттық идеяға бірік­тіру­ші құдіретті құрал. 60-жылдары спорт Америка қоғамының басты құнды­лығына айналып, бұған «екінші дін» ретін­де табынатын болды. Спорт жеке адам үшін әрі капитал, әрі атақ-абырой, әрі ден­саулық, әрі мансап, әрі бақыт кілті болса, мемлекет үшін ұлттық имидж, салауатты өмір салты, қуатты елдік пен құдіретті идеологияның негізі. Сарапшылар спорттың бұқаралық арзан мәдениет пен бөтен идеологиялық ағымдарға қарсы тегеурінді күш бола алатынын айтады. Спорт – патриотизм мен ұлтжандылықтың катализаторы. Спорттың ең қызығы сол: әртүрлі ойлайтын, әртүрлі саяси ұстаны­м­дағы адамдарды біріктіреді, бір бауыр етеді. Спорт деген халықты жеңіс пен жасампаздыққа тәрбиелейді, ұдайы бірінші болуға қайраттандырады. Спорт­шы адам еңбекқорлық, табандылық пен сабырды серік етіп, тың идеялар мен үлкен мақсаттарға жұмыс істейді. Демек, бізге спорт туралы көзқарасымызды кеңейтіп, ұзақ мерзімді стратегиямыздың бастауы деп қарауымыз керек. Лондон Олимпиа­дасындағы толғай табысымыздан кейін бұқаралық спорт пен «үлкен спортқа» бетбұрыс басталады деп сенуге, БАҚ-та «ұлттың қуаты» жарнамасы аясында «әрбір қазақстандық – спортшы» деген үгіт-насихат жүргізілсе игі, әрбір отбасы баласын спорт секциясыларына жұмыл­дыруы қажет.  
Көптеген мемлекеттің тәжірибесінде спортты ішкілік пен нашақорлыққа, бой­күйездік пен масылдыққа қарсы кәдеге жарататын салиқалы саясат бар. Қазіргі қимыл-қозғалыстың аздығынан адамдар гипокинезияға көп шалдыққан. Елімізде 3 миллиондай адам спортпен шұғылда­нады дегенімізбен, бұл – аз көрсеткіш. Ха­лықтың барлығы спортты серік етуі тиіс. Салиқалы спорттық саясатты жүзеге асырудың төмендегідей тетігін жасауға болады:
1) спортты қоғам мен ұлтты біріктіруші күшке айналдыру;
2) салауатты өмір салтына тәрбиелеу, дені сау ұлт қалыптастыру;
3) заманауи спорт индустриясын қа­лып­тастыру.
Болат ӘБДІЛМАНОВ, театр және кино әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– Спорт дегеніміз – саясат. Мемлекет саясатта қандай биікке шықса, спортында да сондай белесті бағындырады. Бұрын 30 бен 40-тың ортасында жүретінбіз. Кейінгі төрт жыл ішінде Қазақстан қарыштап дамыды, барлық жағынан абыройы әлемге асқақтады. Соның нақты айғағы – спорттағы жүлделеріміз. Өзіміздің қазақ екендігімізге мақтанатын керемет қуанышты сәттерді бастан өткердік. Әлгіндей қуанышты сезімнен әлі күнге айыға алмай жүрген жайымыз бар. Олимпиада ойындары қазақ жұртының татулығын, кез келген қиындықты бірлесіп көтеріп, бірлесіп қуана білетіндігін дәлелдеді. Бабалардан қалған «тапқан – шеше емес, асыраған – шеше» деген сөз бекер емес. Ешкімді ұлтына, дәстүріне, дініне қарап бөлмей, бәрі де бір тудың астына жиналып, Қазақ елі бес саусақтың саласындай, бір отбасының баласындай жұмыла жүк көтерді. Біздің чемпиондар Лондонда көк туымыз желбіреп, Әнұран айтылғанда көздеріне жас алып жатты. Отанды сүю деген осы емес пе? !

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста