Лентадан әдемі гүл жасау

Лентадан әдемі гүл жасау

Бұл гүлді жасау үшін бізге мынадай материалдар қажет болады.
1- Екі түрлі-түстегі атлас ленталары. Мысалы, қызыл және ақ тустерді пайдалансаңыз, екеуінің көлемі екі түрлі болуы керек. 5 және 4 см
2- Қайшы
3- Ине мен жіп
4- Сәндеу үшін 1 дана түйме
Дайын түрі:

1)  Алдымен ленталарды гүлдің жапырақтар санына қарай кесіп аламыз. Бізде 5 жапырақ болады. Сондықтан қызыл лентадан 5 дана және ақ лентадан 5 дана квадрат пішінде кесіп аламыз.  Ақ лентаның көлемі қызыл лентадан сәл кішілеу болуы тиіс. 


2)  Екі лентаны алып, диагональ бойынша бүктейміз. 


3)  Диагональ бойынша бүктелген қызыл лентамыздың үстіне ақ  лентаны қоямыз. Жұмысымыз  ары қарай оңай болу үшін инемен қадап қоямыз.


4)  Екі лентаның да бұрыштарын жоғары қарай бүктейміз.


5) Кейін келесі бұрышын бүктейміз.


6) Енді лентамызды ортасынан сыртқа қарай бүктейміз


7) Сол жағындағы бұрышты ұстап тұрып, оң жағындағы бұрышты көзбен шамалап қырқамыз.


8) Жақсылап ұстап тұрып, жоғарысындағы ұшын қырқып тастаймыз.


9) Енді бас жағын сіріңкемен күйдіріп жабыстыруға болады. Бырақ  қауіпсіздік үшін оның бас жағын іне жіппен тіккен дұрыс.


10) Тіккеннен кейін мынадай көріністе болады. Бұл төменгі жағы.


11) Ал мынау жоғары жағы. Әдемі көріну үшін ішіндегі ақ жапырақшаны қолмен тегістеп қою керек.


12)  Дәл осы жолмен қалған төрт жапырақшаны дайындап аламыз.


13) Енді барлық жапырақшаларды тігіп, жинақтаймыз.


14) Гүліміздің жапырақшаларын жинағанда артынан мынадай көрінеді.


15) Ал мынау беткі жағы.


16) Гүліміздің төменгі жағын домалақ пішінді лентамен қаптап, тігіп қоямыз.


17) Жұмысымыздың соңында гүліміз әдемі көріну үшін сәнді түймемізді ортасына қадап қоямыз.


Міне гүліміз дайын. :-)


Мұндай гүлдермен, көйлектерді, себеттерді және шашқа арналған қыстырғыштарды сәндеуге болады.

balalaralemi.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста