Кездейсоқ табылған жаңалықтар

Кездейсоқ табылған жаңалықтар

«Супер желім» – екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оптикалық көздеу (дүрбі) құрамына мөлдір пластик жасау мақсатындағы тәжірибе кезінде табылған. Пластикке жарамсыз болғанымен, кейініректе қарқынды түрде клей ретінде нарыққа шығарыла бастады.

Пластилин – Ной және Джо Маквикер тарапынан алғашқыда дуалдағы обой дақтарын кетіруші ретінде шығарылған болатын. Балабақша балаларының оны ойыншық ретінде илеп ойнағанын байқаған өндірушілер 1955 жылдан бастап пластилин ретінде нарыққа шығарып мол табысқа кенелген екен.

Кока-кола сусыны алғашқыда «кез келген жүйке бұзылуына» емдік дәрі ретінде шығарылып, дәріханаларда сатылған. Ол кездегі құрамында есірткі заттар болған екен.

1968 ж Спенсор Сильвер атты ғалым мықты жабысатын қағаз клейін шығармақ болады. Бірақ жасап шығарған клейі мықты жабысудың орнына әлсін ғана жабысатын және оңай алынатын болып шығады. Кейініректе әріптесі мұның практикалық қолданым тәсілін табады. Кітаптың қажетті беттерін қайыру немесе жазу кітапқа зиян береді. Ал кітап беттерін зақымдамайтындай етіп қағаз жабыстыру және ол қағазға қысқаша мәлімет жазу, қажеті қалмағанда оны алып тастау өте қолайлы болады деген пікір салады. Осылайша (post-it) стикер, еске салу қағаздары нарыққа шығарылып, мол қаражатқа қарқ болған екен.

1938 ж Рой Планкет атты химик жаңа мұздатқыш газ ойлап табу үшін жасаған зерттеулерінің бірінде, түнге тастап кеткен газ қосындыларының, таңға жуық түрі парафинге ұқсас, қатты, коррозияға, ыстықпен суыққа төзімді материалға айналғанын көреді. Ғалым мұны қысқаша тефлон деп атайды. Шамамен он жылдан кейін ас үйлік құралдарда қолданылып, тефлонды каструля, тефлонды табалар шығарылып жаппай қолданымға енеді. Әрине бұл жаңалық арқылы да қаншама адам қалтасын қалыңдата білді.

balalaralemi.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста