Эйнштейннен де ақылды бала

Эйнштейннен де ақылды бала

Матиматикадағы ең күрделі есептерді меңгеріп, университет профессорларын таң қалдырған Жакоб Барнеттің (Jacob Barnett) IQ-ы 170 болып, Алберт Энштейннен де жоғары болғаны хабарланды. Америкада өмір сүретін Барнет есептеуді, алгебраны, геометрия және тригонометрияны бір аптада өзі үйреніп алған.
Бүкіл әлемнің назарын өзіне қаратқан Джейк, үлкен мәлімдемесінде: «Алберт Эйнштейннің “арнайы салыстырмалылық теориясын” дамытып, өзімнің “арнайы салыстырмалылық теориямды” дайындап жатырмын» деген. Баласының не жайлы айтып жатқаның түсінбеген және оның шындыққа қаншалықты жанасатынын білгісі келген анасы, Принстон университетінің жанындағы Advanced Study институтына видеосын жібереді. Институтта қызмет атқаратын атақты профессорлардан Скот Тримейн, Джейктің теориясының шынайылығынан әсерленгенін айтады. Джейктің отбасына электрондық поштамен «Физика пәніне деген қызығушылығынан әсерлендім. Оның жасаған теориясы, астрофизика және теориялық физикадағы ең қиын проблемаларды қамтыған. Бұны шешкен адам Нобель сыйлығына ие бола алады» деген.
«Отбасыммен математика жайлы сөйлескенімізде маған таңғалып қарайтын» деген Джейк, екі жасына дейін сөйлей алмапты. Бір жасқа толмай «аспергер синдромы» деп диагноз қойылған Джейк, үш жасында 5 мың сүрет құрастыру ойынын (пазл) бітірген. Елінің жол картасын зерттеген Джейк, бүкіл автожолдарды жаттап алған және көліктердің нөмірлерін жаттан айтып бере алады екен.
Сегіз жасында мектепті бітірген Джейк, кейін Индиана университеті-Пурду университеті Индианаполиста жоғарғы астрофизика бөліміне түсті. Джейк оқитын топтағы студенттердің ең жасы болуына қарамай сабақтардан кейін группаластарына сағаттап сабақ беруде.

balalaralemi.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста