Таразда жас жігіт өзін өзі орталық алаңда өртеп жіберді (видео)

Таразда жас жігіт өзін өзі орталық алаңда өртеп жіберді (видео)

 Бұрын істі болған жас жігіт Тараздың орталық алаңында өзін өзі өртеп жіберіп, ауруханада көз жұмды.

Қазақстан бас прокуратурасы сенбі күні Таразда өзін өзі өртеп, кейін қалалық ауруханада қайтыс болған жас азаматтың қазасына байланысты қозғалған істі бақылауына алғаны туралы хабарлама таратты.

Бас прокуратураның айтуынша, қазанның 24-і күні жергілікті уақытпен сағат 10:30 шамасында Тараз қаласының орталық алаңында 1995 жылы туған Е.А.Бектібаев деген азамат өзін өзі өртеп, кейін қалалық ауруханада қайтыс болған. Өзін өзі өртемес бұрын Бектібаев бұндай жағдайға полиция қызметкерін кінәлап мәлімдеме жасаған.

«Бұл оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында Қазақстан қылмыстық кодексінің «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» және «Билікті немес қызмет өкілетін асыра пайдалану» баптары бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесіне енгізілді», – делінген Бас прокуратура таратқан ресми ақпаратта.

Сенбі күні жарияланған видеода өзін Ерлан Абдуллаұлы Бектібаев деп таныстырған жас жігіт қазанның 24-і күні таңертеңгі сағат он кезінде Тараздағы «Нұр Отан» партиясы ғимараты алдында тұрғанын айтады.

Ол камераға қазанның 22-сі күні өз жұмыстарымен Тараздағы әлеуметтік мекемеге барған кезде «жергілікті полиция қызметкерлері есірткі салып жіберіп, кейін қыспаққа алғанын» мәлімдейді. Жігіт анасы қайтыс болып, әкесі басқа отбасымен тұратынын, өзінің «басатын тау, бармаған жері қалмағанын» айтып, «мені осындай жағдайға жеткізді» деп Самат деген полиция қызметкерінің есімін атайды.

Бұдан соң өз өзіне қол жұмсайтынын мәлімдеп, пластикалық бөтелкедегі жанармайға ұқсайтын сұйық затты үстіне құйып, от тұтады. Видео тұла бойы жалынға оранған жігіттің жанұшыра айғайлай жүгіріп «Нұр Отан» ғимаратына кірген сәтімен аяқталған.

Жамбыл облыстық және Тараз қалалық полиция мекемелері әзірше бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста