Қызылорда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Қызылорда қаласында жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Қалалық полиция басқармасына тұрғындардан жас жігіттердің арасындағы төбелес жөнінде хабарлама түскен.
«Екіге бөлінген жастар бір-бірімен ерегісіп, соңы төбелеске ұласқаны белгілі болды. Оған қатысқан 12 адамның барлығы анықталды. Олар – облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары. Барлығы міндетті медициналық сараптамадан өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша тергеп-тексеру əрекеттері басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу