Құрбан айт құтты болсын, ағайын!

Құрбан айт құтты болсын, ағайын!

2013 жылдың 15 қазаны – Құрбан айт мерекесі
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Қадірменді мұсылман бауырлар, құрметті отандастар!

Баршамызды қуаныш-шаттыққа бөлейтін, құт-бере­келі, мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айтқа аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!
Әлемнің әр түкпірін мекендеген мұсылмандар бұл күні Жаратушы Иеміздің разылығы үшін құрбан шалып, Алланың мейірім-шапағатына бөленуге тыры­сады. Адам осындай ізгі амалы арқылы Раббысына жақындай түседі. Ал «құрбан» сөзі «жақын болу», «жа­қын­­дау» деген мағынаны білдіреді. Бұл күні қа­жылыққа аттанған мұсылман бауырларымыз, отан­дастарымыз жүздерін Қағбаға қаратып, Арафат тауында еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігін тілеп, екі дүниенің бақытын сұрап, Жаратқанға жал­барына дұға жасайды.
Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті, асыл діні­міздің жанашыры Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Құрбан айт мейрамын Қазақстан жұртшылығы үшін демалыс күні деп жариялады. Бұл ұлық мерекені халықтық деңгейде атап өтуге, көпұлтты Отанымызды мекен еткен халықтар достығы мен бірлігін нығайта түсуге септігін тигізіп келеді. Ең бастысы, біз мұны дәс­түрлі дініміз – исламға көрсетілген құрмет деп білеміз.
Құрбан айтты атап өтудің мәні мен мағынасы зор. Алланы бір, Пайғамбарды хақ деп білген мұсылмандар мешіттерімізде айт намазын оқып, дұға жасап, бір-бірін мерекемен құттықтап, мәре-сәре болғаннан кейін құрбандық шалады. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларға, жетім мен жесірлерге, мүгедектерге таратылады. Осылайша адамда мейірім, қамқорлық, кешірім, қайыр-шапағат, сабыр сынды көркем мінез қалыптасады.
Бұл – ағайын арасын жақындата түсетін күн. Араз­дасқан адамдар татуласып, өзара кешірім жасап, туыс­қандық байланысты күшейтуге итермелейтін ұлық мейрам. Өйткені Алла тағала: «Сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр» («Ағраф» сүресі, 199-аят), – деп, мұсылман­дар­ды барынша кешірімді бола түсуге шақырған. Құрбан айт күні ағайын-туыстырды, дос-жарандар мен көрші­лерді айтпен құттықтап, ақ дастарқан басында Алла­ның бұйырған ризық-несібесінен, құрбандық етінен дәм татқан абзал.
Құрбан айт – отбасы құндылығын арттыратын мере­ке. Ата-анаға, Құдай қосқан жарымызға, бала-шағамызға арнайы сыйлық беру, жаңа киім әперу  мейрамның сәнін келтіріп, мәнін арттырады. Мұндай­да өскелең ұрпақ Құрбан айттың қадірі мен сауабын сезініп, ізгілікке ұмтылады, мерекені асыға күтеді.
Құрбан айттың мұсылман жамағатын, ұлыстар мен ұлттарды біріктірудегі, өзара бауырмалдықты арттыру­дағы рөлі орасан зор. Адамдар бір-біріне: «Айт құтты болсын!» айтысып, аман-саулық сұрасып жатады.
Бұл күні ерте тұрып, ғұсыл құйынып, хош иіс себініп, мешітте айт намазын оқу – сауапты іс. Құрбан­дық етінен дәм тату, Аллаға мадақ, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айту – сүннет амал.
Қазақстан мұсылмандары діни бас­қар­масы мүбәрак мерекені жоғары дең­гейде өткізу үшін бірқатар игі шаралар мен ізгі істер­ді жүзеге асыру ұйғарылды. Уағыз­дарда діни тұрақтылық пен бей­бітшілік, халқымыздың бірлігі мен ынты­ма­ғын ны­ғайту мәселелеріне мән беріліп келеді.
Құрбан шалу айт намазынан кейін айт­тың үшінші күні ақшам намазына аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Егер бұл талап орындалмаса, онда ол садақа саналады. Қой, ешкі, сиыр және түйені құрбандыққа шалуға болады. Сиыр немесе түйені жеті кісі бірігіп, ортақ шалуды шариғатымыз құптайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір ха­дисінде: «Соқырлығы анық белгілі соқыр, ауруы белгілі аурушаң, (жүре алмай­тындай дәрежеде) ақсақтығы белгілі болған ақсақ және (жілік майы жоқ) өте арық малдар құр­бандыққа жарамайды», – деген.
Қадірменді ағайын, бауырлар!
Алла тағала шынайы ниеттеріңізді, ізгі амал­дарыңызды және шалған құрбан­дық­та­ры­ңызды қайырымен қабыл еткей! Жара­тушы Иеміз баршамызға екі дүниенің бақытын нәсіп етіп, жүзімізді жарық еткей! Еліміздің мерейі үстем, Тәуелсіздігіміз тұғыр­лы әрі тыныштығы мәңгілік болғай!
Бейбіт өмірді мұрат тұтқан мұсылман қауымының ұлық мерекесі құтты болсын, ағайын!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста