Аяз атаға хат

Аяз атаға хат

Бек АҚШОРАЕВ, Тараз қаласы, тоғыз жаста, 4-сынып оқушысы:
– Аяз ата, саламатсыз ба? Сыйлықтарыңызды, сізді сағындым. Былтырғы тілегімді орындапсыз, рақмет! Биыл маған квартира әперсеңіз. Папам мен мамам қиналып, ақшалары жетпей жүр. Ағам көп ауырады, оған денсаулық беріңіз. Ал кішкентай қарындасыма секіретін резина есек керек. Ол сөйлей алмайды, бірақ соған қызығатынын сезем. Рақмет, алдын ала. С.н. Бек.

Диляра МӘТIБАЙ, Жамбыл облысы, Талас ауданы,Майтөбе ауылы, төрт жаста:  
– Саламатсыз ба, Аяз ата, жалмауыз кемпір, қасқыр, қоян, Ақшақар! Жағдайларыңыз жақсы ма? Жолда шанаңыз сынса, ақбоз атқа мініңіз. Менің атым – Диляра. Мен Астана қаласында қасықтай болып туылдым. Менің кішкентайлығымнан қорыққан мамам әбден жылап, апама беріп жіберіпті. Сол кезде бекер берген, енді мен мамамды түк жақсы көрмеймін. Айналайын Апамды сүйемін. Жаңа жылға дейін адамдар ақырзаман болады дейді. Мен содан қорқам, сол үшін маған ұн, нан, кәмпит, шоколад, май, картошка салып жіберіңізші, сыйлыққа. Сау болыңыз, Аяз ата, Ақшақар, жалмауыз кемпір мен қасқыр.

Ершат БАҒДАУЛЕТ, Орал қаласындағы №28 мектептің 2-сынып оқушысы:
– Құрметті, Аяз ата! Мен сізден компьютер сұрағым келеді. Бірақ мамам Аяз атаның қапшығына компьютер сыймайды деді. Сіз неге үлкен қапшықпен келмейсіз? Мен сізді қатты күтіп жүрмін. Егер оны әкеле алмасаңыз, басқа бір жақсы сыйлық алып келіңізші. Біздің сыныптағы балалардың барлығы сізді күтіп жүр. Шырша құрып, әдемі етіп қойдық. Апай «Аяз ата келеді» деп айтты. Кім жақсы киінеді, соған сыйлықты көп береді деді. Мен қоянның киімін алдым. Сіз мені көрмей қалмаңыз иә, Аяз ата!

Меңнұр АЙТМҰХАМБЕТОВА, Көкшетау қаласы, «Нұрай» балабақшасының тәрбиеленушісі:
– Қымбатты, Аяз ата!  Маған ойыншықтар мен жеміс-жидектің қажеті жоқ. Оның орнына алдағы жылда бізге жаңа үй сатып алып беріңізші. Өз бөлмемнің болғанын қалаймын. Қазір жатақханада тұрамыз. Әке-шешемнің жалақысы жетпейді. Үлкен бөлмем болса, ойыншықтарым мен доптарым өз бөлмемде ешкімге бөгет жасамас еді. Тілегімді орындауыңызды сұраймын.

Олжас ҚАЙДАРҰЛЫ, Қарағанды қаласы, 7 жаста:
– Аяз ата, сәлеметсіз бе?  Сіз Жаңа жылда келесіз бе? Папам мен мамам сізді біз ұйықтап жатқанда келіп, шыршаның қасына сыйлық қойып кетеді дейді. Сіз маған пулть­пен жүретін машина әкеп беріңізші. Папам мен мамама да, әпкелеріме, қарындасыма да сыйлық ала келіңіз. Жаңа жылды қашан келеді деп күтіп жүрміз бәріміз. Үйге шырша құрып қойдық. Өте үлкен емес. Мен ақылды болдым. Сабағымды «4» пен «5»-ке  оқып жүрмін.
                                                                                                                                   Сәлеммен Олжас.


Ақниет ТҰРСЫНБЕК, Қызылорда қаласындағы №12 мектептің 2«в» сынып оқушысы, 7 жаста:
– Сәлеметсіз ба, Аяз ата! Мен сізге Қызылорда қаласынан хат жолдап отырмын. Мен қаладағы №12 І.Қабылов атындағы қазақ орта мектебінің екінші сыныбынды оқимын. Оқу үлгерімім жақсы. Күнделігімде кілең бестік бар.

Жаңа жыл мерекесін асыға күтемін. Бұл мейрам балаларға ерекше қызық. Біз жылма-жыл оны асыға күтеміз. Тақпақ жаттаймыз. Сіз біздің ортамызға келгенде ән айтып, сыйлық алғымыз келеді.
Мен әрбір Жаңа жылдан үлкен жақсылық күтемін. Еліміздің тыныш болғанын қалаймын. Достарыммен бірге алаңсыз ойнағымыз келеді. Қазақстанда тек қана бейбітшілік болсын деймін.
Мен болашақта білімді болғым келеді. Маған көп кітап қажет. Соны маған салып жібере аласыз ба? Сізден хабар күтемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста