14 наурыз – «амал»: қазақша жаңа жыл

14 наурыз – «амал»:   қазақша жаңа жыл

Бүгінгі Наурыз мейрамында екі мерекенің мазмұны қосарланып жүр: оның бірі – қазақша Жаңа жыл және күн-түн теңесімі. Наурыз мерекесін 1988 жылғы ресми мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен жаңа жыл мерекесі Наурызбен беттестірілді, біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21-22 наурызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде батыс пен оңтүстік өңірде тоқтаған емес.
 Бүгінде Көктемнің алғашқы әрі Жаңа жылдың енетін күні саналатын «Амалды» елдің батыс аймағында біршама өңір ғана атап өтеді. Ал бұған дейін оны Қазақстанның Маңғыстау аймағынан бастап, Сыр өңірінің барлығы, Қостанай, Торғай аймағына қо­са, ресейлік Ажтархан (Астрахан), Са­рытау, Самара, Орынбор облыстарының қа­зақтары атап өтетін. Бүгінде барлығы да Наурызға әрі жаңа жыл, әрі Күн-Түн те­ңесімі ретінде мазмұн беріліп, 21-22 нау­рызда мерекелеу қолға алынып келеді.
Мәселе неде? Мәселе қазақтың Жаңа жыл ұғымы мен ежелгі дейтүркілік Күнге табыну дәстүрінен бастау алатын, бүгінде пар­сылық (кейбір журналистер мұны «шы­ғыстық» деп, айды аспаннан шығарып жүр) мазмұн беріліп жүрген күн-түн теңе­сімі мерекесінің шатасып кетіп отырған­дығында. Түркілер көктемгі «теңесіммен» шектелмеген, күзгі теңесім қарсаңында Чук (шұбаш), Сабантой (қазақ, башқұрт, татар, шұбаш), Ақ ай (маңғол, қалмақ) мерекелерімен келсе, оған қоса, қысқы және жазғы Күн тоқырауы да «Нартуған» (қа­зақ, башқұрт, татар, шұбаш), «Корачун» («Түнек құрысын» мағынасында – мажар-қыпшақтар, кейбір Сібір, Саян түркілері), сондай-ақ Ысыах (саха) атап жүр. Қысқасы, күн-түн арақатысына байланысты мере­ке­лердің барлығы Күнге табыныс көріністері жә­не аса ұлы мерекелер болып табылады. Парсылар соның тек қана ортаңғыазиялық түркілерден ауысқан көктемгі нұсқасын мерекелеп келеді.

  ©massaget kz

«Амал» мәселесіне келсек,  мазмұны аса ежелгі жұлдызшылардың, астро­лог­тар­дың іліміне қатысты жайттан бастау ала­ды. Аспандық үдерістер бойынша бұл күндері Амал жұлдызы мен Күн бір түзудің бойына шығып, Жерден қарағанда беттесіп тұрғандай әсер етсе керек. Және де осы жайт қыстың кетіп, көктемгі үдеріске келті­ретін ғарыштық түрткі болып табылмақ. Сол себептен де қысы аса қатал далалық көшпелі түркілер үшін бұл үдеріс қыспен бірге ескі жылмен де қоштасу болып та­был­ған. Яғни, Амал мен Күннің «көрісуі» да­лалықтардың да ежелгі көкірек түйістіру (көк+ірек, адамдағы Көк қақпасы) дәстүрінің туындауына түрткі болған.
Амалды мұсылман ақын Рабғұзи (Нас­реддин) «Көктем» өлеңінде былайша су­рет­тейді:
Күн енді де Тоқтыға,
Амалменен беттесіп,
Мұз бен қарды ерітті.
Қайран қалған жұрт десті:
Осы қыс болып па еді?

Бүгінгі Наурызға телініп жүрген наурыз­көже асы, шын мәнінде, көктемгі аласа­пыранды, қардың еріп, қызыл судың жү­ріп, жер бетіндегі болып өткен топан су мифінің жұрнағы ретінде Жаратушыға мойынсұну ишарасын білдіреді.
Сонымен, біз бір емес, екі бірдей көк­тем­гі мерекенің біріккен мазмұнын қыс­қа­ша қарастырдық. Алайда Наурыз бен Амал бір-бірін толықтырмаса, қайшы емес. Сол себепті де, аталмыш мерекелерді бейресми түрде 14-22 наурыз аралығында мей­рам­да­ғанымыздың жөні бар. Оның үстіне, хал­­қымыздың бір бөлігі әлі күнге солай етіп келеді, ал ресми түрде төл та­ным­нан бас тартқандай болмай, оны кеңіте түс­ке­німіз абзал, мерекелер жимасын «ана ай­мақ, мына өңір» демей, біртұтастандырған жөн.
14 наурызда Астанада наурыздың ақша қары түсті. Қазақ «Қардың басын қар алар» дейді, бұл – қыстың емес, оның қоштасу қары, көктемнің нағыз белгісі!
Сонымен құрметті ағайын, 14 наурызда қа­зақша Жаңа жыл, Ұлу (улитка емес, ай­да­һар) жылы кірді. Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын! Жаратушымыз тілегімізді қа­был етіп, еліміз аман, жеріміз жайнай түс­сін!
Птолемейдің «Альмагест» еңбегінде бұл жұлдыз шоқжұлдызға енбегендердің қа­тарынан аталады.  Амал –  сонымен бір­ге жылжымайтын жұлдыздардың бірі. Гиппарх «тұмсықтағы жұлдыз» атаған оны жұрт «тас төбедегі жұлдыз» деген. Тағы бір де­реккөзде Тоқты шоқжұлдызының маң­да­йындағы сары жұлдыз кейде «Тоқтының екін­ші мүйізі» аталған.

Анықтама
Амал – Хамәл (Гамәл, Хамал, El Nath, Arietis, AlHamal ras al-hamal), кейбір ұқтырмаларға қа­рағанда  «тоқты» немесе «тоқтының басы», болмаса, қой басының «қасқасы» дегенді білдіретін, Тоқты шоқжұл­ды­зындағы ең жарық жұлдыз болып табы­лады.  Арабша «ха­мәл» қозы дегенді білдіреді. Десек те, бұл сөзге ежелгі түркі сөзінің араласып жүр­генін аңдаймыз: ха+мал, «мал» сөзі ұсақ, уақ дегенді біл­діреді, яғни арабша «қозы» дегенмен бүгінде қазақша «мал» аталып жүрген сөздің семантикалық мағынасы бірігіп, «ұсақ мал» дегенді ұқтырып тұр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста