«Махаббат әлемінде» отбасылық дуэт әншілер ән шырқады
Жаңа жыл қарсаңында Алматыдағы Республика сарайында «Махаббат әлемі» атты үлкен концерт өтті. Оған белгілі әншілер және әзіл әлемінің өнер жұлдыздары қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Концертте жұбайлар әні шырқалып, әдемі би шашулар болды. «Махаббат әлемі» концертіне өнерде ғана емес, өмірде де жұптары жазылмай жүрген әншілер қатысты. Олардың ішінде Құдайбергеновтер отбасы, Қарақат пен Қыдырәлі, Тоқтар мен Бейбіт, Мирас пен Құралай, Арман мен Аша секілді танымал өнер жұлдыздары да бар.
«Жұбайларға арналған концерт болғаннан кейін Айткүл екеуміздің қатысуымыз міндет. Осындай концерттер болса, қаншан да басы-қасында жүреміз. Негізі 70-жылдардың кезінде ерлі-зайыпты ретінде дуэт болуды ең алғаш біз Айткүл екеуміз бастадық. Содан бері өнер сахнасында бірге келе жатырмыз. Әйтпесе екеуміздің кәсібіміз екі бөлек. Дуэт болғалы бері халық әндерін шырқап келеміз. Алғаш біздің дуэтті өнерде ешкім түсінбеген еді. Бірақ кейіннен халық өзі көтеріп алып кетті», – дейді Ерболат Құдайбергеновтың әкесі Қанат Құдайбергенов.