Жұмбақ өлім: Жамбыл облысындағы ауруханалардың бірінде 7 айлық нәресте көз жұмды

Жамбыл облысындағы ауруханалардың бірінде тағы бір нәресте көз жұмды. Себебі белгісіз. Шу ауданының тұрғыны егіз баласының дене ыстығы көтеріліп, жөтелі тыйылмаған соң медининалық мекемеге жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

 
7 айлық егіздер Ева мен Дария Шу аудандық ауруханасында жатқан. Мұнда олар жөтел мен дене қызуына байланысты түскен. Нәрестелердің анасының айтуынша, балалардың бірі тамақты қыздыру ем шарасынан кейін қан құса бастаған. Облыс орталығынан келген дәрігерлер ем жасағанымен, нәтиже шықпапты. Нәрестенің қандай кінәраттан қаза тапқанын дәрігерлер нақты айтпай отыр.

«Таңертең баланың іші ісіне бастады. Бізге зонд және тыныс алу аппаратын орнатқан болатын. Дәл сол зонд арқылы мұрыннан қан шығып отырған. Түні бойы бізге бірде-бір дәрігер жақындап, жағдайымызды сұрамады. Ал Тараздан келген мамандар ем қабылдай бастағанда, балапанымнан айырылып қалдық», – деді қайтыс болған баланың анасы Александра Семёнова.
Ал егіздің сыңары қазір Тараз қаласындағы емханада жатыр. Дәрігерлер балада пневмония бар деп, арнайы медициналық авиация арқылы облыс орталығына алдыртқан. Оның да жағдайы мүшкіл. Ақ халаттылардың айтуынша, тиісті ем-дом жасап жатыр.

«Бізге 10 сәуірде сағат 20:00-де Шу аудандық ауруханадан Семенова Ева 7 айлық қыз ауыстырылды. Ауысқан кезде жағдайы орташа хәлде түсті. Көрсетіп жатқан ем-шаралар хаттама бойынша жүргізіліп жатыр», – деді Балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Перизат Халықова.
Ал облыстық Денсаулық сақтау департаменті баланың өлімі жайлы ақпарат беруден бас тартты. Себебі тексеру іс-шарасы аяқталмаған. Ал полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

«Аталған факт тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Баланың денесі мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық зерттеу тағайындалды. Қазір жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр», – деді Жамбыл облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Еске салсақ, бірнеше ай бұрын дәл осындай жағдай Меркі ауданында болған еді. Екі істің де әлі нүктесі қойылмады. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста