Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.
2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.
2021 жылғы қаңтардан бастап VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
2022 жылғы наурызда Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалған.