Жеке тұлғалардың банкроттығы: арыз қабылдау басталды

Өзін банкрот деп жариялауға бел буған азаматтардан өтініш қабылдау басталды.

 

Мемлекет басшысы өткен желтоқсан айында осы заңға қол қойып, құжат наурыз айынан күшіне енді.  Заң, тұрғындардың төлем қабілетін қалпына келтіріп, халықтың несиелік ауыртпалығын азайту үшін қабылданған. Борышкерлердің саны жағынан Алматы көш бастап тұр. Онда қарызын өтей алмай отырған 220 мыңнан астам адам бар. Ал Қазақстан бойынша 1 миллион 100 мың азамат тіркелген. Соттан тыс банкроттық рәсімін қол-дану үшін e-gov,  “Е-салық-Азамат”, Халыққа қызмет көрсету Ақпараттық жүйесі арқылы онлайн арыз бере аласыз. Сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталығына келуге де болады. Арызданушыға 15 күннің ішінде жауап беріліп, банкроттық туралы шешім, жарты жылдың ішінде шығады. Өтініш беру қалай жүріп жатқанын көру үшін Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Алматыға келіп, Халыққа қызмет көрсету орталығының бірінде болды. Оның айтуынша жарты сағаттың ішінде үш адам арыз берген. Ешқандай абыр-сабыр жоқ.

 

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі: - Біздің болжамымыз бойынша 90 пайыздан астамы сол элктронды түрде жүргізіледі деп ойлаймыз. Біз арыз қабылдауға дайынбыз. Арыз берген адам түсіну керек себебі 5 жылдың ішінде кредит алмау шектеуі бар және 3 жыл бойы қыржылық мониторинг жүргіземіз. Қайта арызды тек қана 7 жылдың ішінде бере алады. Сондықтан көп азаматтар салмақты шешім қабылдайды деп ойламын. Бұндай адамның көп болмауы да соған байланысты болар деп ойлаймын.

 

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста