Жанар-жағармайды заңсыз шығару фактілері көп пе – комитет статистиканы жариялады

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан аумағынан жанар-жағармай өнімдерін заңсыз шығару фактілерінің статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Ресми мәліметке сәйкес, 31 қаңтардан бастап республика аумағынан жанар-жағармай өнімдерін 288 рет заңсыз алып шығуға тырысқан.
 
"Бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынған сәттен бастап мемлекеттік кірістер органдары мұнай өнімдерін үшінші елдерге заңсыз әкетудің 94 фактісін анықтаған, олар бойынша сот 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салып, 2 341 литр бензин мен 25 335 литр дизель отыны тәркіленді",- дейді комитет мамандары.
 
Ал ЕАЭО мемлекеттерімен шекарада 63 мың литрден астам (63820 л) жанар-жағармай өнімдерін шығарудың 194 фактісі анықталды.
Айта кетері, үкімет дәл осы проблема болашақта жанар-жағармай тапшылығына әкеліп соқтыруы мүмкін деп отыр. Сол себепті бензин мен дизель отынының бағасын көрші елдермен біртіндеп теңестіру керек.
Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің шекті бағасын көтеру туралы бұйрықтың жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Бүгін – талқылаудың соңғы күні. Ұсынылған бағалар:
 

  • АИ-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
  • АИ-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге;
  • дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 450 теңге.
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста