«Жалғыз үміткер сол болды»: Жамбыл облысы әкімінің күйеу баласы Қордай ауданында басшылық қызметке тағайындалды

«Жалғыз үміткер сол болды»: Жамбыл облысы әкімінің күйеу баласы Қордай ауданында басшылық қызметке тағайындалды

Қыркүйек айының соңында Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімдігіне дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып Сұлтан Марат тағайындалды. Оның әкесі Руслан Нұрсипатов кезінде осы облыстағы Меркі ауданының әкімі болса, туған қайын атасы Нұржан Нұржігітов – Жамбыл облысының қазіргі әкімі, деп жазады Azattyq Ruhy тілшісі.

 

Марат Сұлтан Русланұлының Нұржан Нұржігітовтің күйеу баласы екені және оның облысқа қарасты ауданға басшылыққа қызметке тағайындалып жатқаны туралы ақпарат желіде пайда болды.

 

Бұл мәселеге қатысты Azattyq Ruhy тілшісінің сауалына жауап берген Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл Сұлтан Мараттың Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің күйеу баласы деген ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады. Есесіне, Сұлтан Марат аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қалай басшы болғанын және бұған дейін қандай қызметтер атқарғанын айтып берді. Ең баса айта кетерлігі, Дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының лауазымына жарияланған конкурста жалғыз ғана үміткер болған.

 

«Қордай ауданы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы бос лауазымына ішкі конкурсқа хабарландыру жарияланып, аталған лауазымға үміткер ретінде Марат Сұлтан Русланұлы құжаттарын тапсырды. Аталған лауазымға басқа үміткерлер болған жоқ. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурстың қорытынды мәжілісінің хаттамасына сәйкес, Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы бос лауазымына Марат Сұлтан Русланұлының кандидатурасы ұсынылды.

Қордай ауданы әкімінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі №319 ө-ж/қ өкімімен Марат Сұлтан Русланұлы Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалды», - дейді әкім аппаратының басшысы.

 

Оның айтуынша, 26 жастағы Сұлтан Мараттың бұл лауазымды алып жүруіне білімі де, тәжірибесі де жетеді.

 

«Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына «білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы білімі», оның ішінде «дене шынықтыру және спорт немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит» мамандығы болуы талап етіледі.

 

Үміткер Марат Сұлтан Русланұлының мамандығы «экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «бизнес және басқару магистрі», мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 2 жыл 11 ай 20 күнді құрайды. Соңғы 1 жыл 10 айда «Е-3 санаты» бойынша аудан әкімі аппаратының бас инспекторы лауазымында қызмет етті», - деп хабарлап отыр ол.

 

Azattyq Ruhy тілшісі Сұлтан Мараттың өзінен осы тағайындауына қатысты пікірін білуге тырысады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста