ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беру конкурсы басталды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 2023 жылға арналған ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конкурс 47 мемлекеттік грантты іске асыруға, оның ішінде 22 қысқа мерзімді, 16 орта мерзімді және 9 ұзақ мерзімді жоба 6 сала бойынша жарияланды:

1) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

2) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;

3) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

4) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;

5) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

6) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

Барлық өтінімдер grants@cisc.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Сондай-ақ, операторға өтінімді (құжаттарды) қолма-қол тапсыруға болады.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының кеңсесі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат, 504/3 кабинетте орналасқан.

Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарға өтінімдер операторға  12 қаңтар - 1 ақпан аралығында Астана уақыты бойынша 18.30-ға дейін, ұзақ мерзімді гранттарға 12 қаңтар - 15 ақпан аралығында Астана уақыты бойынша 18.30-ға дейін қабылданады.

Қосымша сұрақтар бойынша Орталық менеджерлеріне

8 (7172) 79-08-04, 79-08-28, 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз.

Байқау туралы толығырақ  https://cisc.kz/kk/46941-46941.html сілтемесі бойынша біле аласыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста