Түркілерді біріктіру үшін қазақ тілін таңдау ұсынылды

Түркілерді біріктіру үшін қазақ тілін таңдау ұсынылды

WhatsApp-та Әзербайжан президенті Гейдар Әлиевтің қазақ тілін барлық түркі елдері үшін ортақ етуді ұсынғаны туралы ақпарат тағы да таралуда. Бұл ескі фейк. 

 

 

 

Қазнетте дәл осындай хабарлама 2021 жылы тараған болатын. Ол бірден күдікті болып көрінеді. Гейдар Әлиев 19 жыл бұрын, 2003 жылы қайтыс болды. Хабарламаға тіркелген фотосуретте оның ұлы әрі Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бейнеленген. Хабарламада жазылған дәйексөздің бұл екеуіне де қатысы жоқ.

 

Барлық түркілер үшін бірыңғай тіл туралы 2011 жылдың қараша айында Түркияның Әзербайжандағы елшісі Хулуси Кылыдж Түркі әлемінің мәдени интеграциясы бойынша Бакуде өткен конференцияда мәлімдеген болатын. Алайда ол ортақ тіл ретінде қазақ тілін емес, түрік тілін таңдауды ұсынған.

 

1991 жылы бекітілген жалпы түркі әліпбиі бар. Ол латын графикасының негізінде жасалған. Оған сүйене отырып, мамандар латын әліпбиіне негізделген қазақ тілінің алфавитін әзірлеп жатыр. Дегенмен, бірыңғай әліпби түркі елдерінің бәрінде бірдей қолданылмайды. Әзербайжан, Түрікмен және өзбек алфавиттерінде жалпы алфавитте жоқ спецификалық әріптер бар. Қазақ әліпбиінің латын нұсқасында жалпы әліпбиде ұсынылмаған үш әріп бар.

Таралған хабарламада саясаттанушы Расул Жұмалының 2011 жылы түркі әлемі үшін бірыңғай тіл таңдау туралы ұсынысқа қатысты айтқан пікірі де ішінара келтірілген.

 

Демек, Гейдар Әлиев немесе оның ұлы Ильхам Әлиев бір кездері қазақ тілін барлық түркі халықтарына ортақ етіп алуды ұсынған деп санауға негіз жоқ. Бұл бірнеше жылдан бері мессенджерлерге таралып жүрген ескі фейк.

 

stopfake.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста