Талдықорғанда қызды аяусыз соққыға жыққан мектеп оқушысы кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған қыз Алматы қаласында тұратыны және оқу орындарының бірінде оқитыны белгілі болды. Ол өз парақшасында "сторис" жасау мақсатымен әртүрлі ресурстардан полиция қызметі туралы бейнематериалдарды (гарнизондық жиын, полиция автопаркі, таныстарын патрульдік экипажбен жеткізуі мен учаскеде олардан жауап алғандарын және т.б.) жүктеп, монтаждау арқылы видеоға өзі және достары түсіп қалған. Мектеп оқушылардың арасындағы жанжалға тікелей қатыспаған, тек бейнероликті өз интернет-парақшасында шығарған.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде балағат сөздермен бейнеүндеу жариялағаны үшін кәмелетке толмаған қыз ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартылады. Оның ата-анасы ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес жазаланады (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау).