Ресей әскері Украинаның Донецк облысындағы Краматорск қаласына ракетамен соққы жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Азаттық сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак мәлімдеген.
Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдың салдарынан 8 адам қаза болды, 56 адам жараланды. Украина билігінің мәліметінше, қаза болғандар арасында 2008 жылғы бала бар.
"Украина бас прокурорының кеңсесі қаза болғандар мен зардап шеккендер жөнінде ақпаратты растады. Жараланғандардың бірі – 8 айлық бала. Жарылыс жақын маңдағы сауда орындары, пошта бөлімдері мен автомобильдерін бүлдірген. "Украинская правда" газетінің дереккөзіне қарағанда, Ресей әскері С-300 кешенінен соққы жасаған" делінген сайт ақпаратында.
Краматорскіде іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Үйінділер астында тағы адамдар болуы мүмкін.