Қазнетте әскери техниканы тасымалдау барысы түсірілген видео тарады. Ол 26 сәуірде Алматыда түсірілген екен. Кейбір пайдаланушылардың пайымдауынша, бұл техника Ресейге жеткізілмек.
ҚР Қорғаныс министрлігі осы видеоға қатысты түсініктеме берді.
– Алматыда әскери техника қозғалысы түсірілген видеоға қатысты: Бұл видеода жауынгерлік дайындық бойынша жоспарлы сабақтар өткізілгеннен кейін әскери техниканы еліміздің орталық өңірінен Алматы қаласына жөнелту барысы көрсетілгенін хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтарды әлеуметтік желілерде таралған қауесеттерге назар аудармауға, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.