ҚазҰУ-да суретші-рестовратор Қырым Алтынбековтың фойе-музейі ашылды

18 сәуір Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау күніне орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  тарих факультетінде «Қырым Алтынбеков фойе-музейі» атты көрме ашылды.

Көрменің ашылуына университеттің Басқарма мүшесі – Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Нұржан Айдосов, белгілі археологтар, этнологтар, музейтанушылар, т.б. мамандар қатысты.

Ерекше фойе-музейді ұйымдастырушылардың бірі, тарих ғылымдарының докторы, факультет деканы, профессор Досбол Сүлейменұлы Байқонақов өз сөзінде: «Дүниежүзілік мұра күнін» атап өтуге факультет профессор-оқытушылар құрамы жаңаша ойлармен және көрерменге берер ұсыныстарымен келді деуге болады. Өркениетті елдердің барлығында осы күні түрлі іс-шаралар өткізіліп жатады. Әсіресе ескерткіштерді қорғау, сақтау және оны тамашалайтын көрерменге жеткізу, музейлік нысан жайлы проблемаларды тарқату, консервация және реставрация жүргізу, т.с.с. мәселелер көтеріледі. Ал біздің факультет ұжымы «Қырым аралы» ЖШС жетекшісі Қ.Алтынбековпен келісіп осы фойе-музейді ұйымдастырып отыр. Өздеріңіз білесіздер, суретші-реставратор Қ.Алтынбеков елімізге ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын мемлекеттерге танымал өнер иелерінің бірі. Фойе-музей «Қырым аралы» ЖШС қызметкерлері қалпына келтірген заттардан тұрады. Сонымен қатар мұнда археология, этнология және музеология салаларында қолданылатын реставрация, консервация негіздері көрсетіледі. Мұндай ғылыми-практикалық негіздер тарих факультетінде оқып жатқан мамандарға өте керек деген ойдамыз. Нәтижесінде олар теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға да мол мүмкіндік алады».

 

 

 

Фойе-музей ежелгі және ортағасырлық дәуірлердегі бірнеше эталонды ескерткіштердің материалдарына негізделген. Әсіресе Үржар сәуегейі, Тақсай патшайымы, Берел қорымы, Түйетас жылқысы, т.б. блоктар реставрациялық жұмыстардың өзегін, барысын, жай-жапсарын, қазіргі нәтижелерін нақты айшықтайды. Олардан өзге Түркістандағы әйгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің есігін қалпына келтіру жұмыстары көрсетілген, сонымен қатар петроглифтерді бастапқы қалпына келтіруде жүргізілетін іс-шаралар кешені туралы мағлұматтар қойылған. Ал екі фойеге бөлініп қойылған музейлік витриналар археологиядан хабар беретін фотосуреттерге, табылған артефактілердің көшірмелеріне, түпнұсқалық заттарға толы.

Сонымен қатар, бұл фойе-музейдің ерекшелігі археологиялық артефактілерді, алуан түрлі нысандарды және мәдени-тарихи мұра бұйымдарын қайта қалпына келтіру болғандықтан, реставратор мамандардың жеке аспаптары, құрал-саймандары, қайта қалпына келтіру кезінде қолданылатын заттары да арнайы витринаға қойылған. Бірқатар жартас суреттерінің панорамалық көрінісі беріліп, олардың қазіргі жай-күйі де көпішілікке жеткізілген.

Жалпы алғанда, «Қырым Алтынбековтың фойе-музейі» жастарды тарихи білім нәрімен сусындатуға септігін тигізетін бірегей кешен болып табылады. Мұндағы материалдар өскелең ұрпақты мәдени-мұра нысандарына мұқиятпен және ыждаһаттылықпен қарауға  шақырады. Фойе-музейге қойылған материалдар отандық мұраларды дәріптеуге және ұлықтауға арналған. Оларды көрген, материалдармен танысқан білімгерлердің ел мен жерге, оның тарихы мен мәдениетіне деген мақтаныш сезімдері оянары сөзсіз.  

 

Гульмира СӘБДЕНОВА,

тарих ғылымдарының кандидаты,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста