Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің оңтүстігінде теракт ұйымдастырмақ болған шетелдікті ұстады.
Осы жылдың басында ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері Қазақстанның оңтүстігінде қолдан жасалған жарылғышпен террористік акт жасамақ болған шетелдіктің жолын кесті.
Сондай-ақ Астанада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылды. Оның 8 мүшесі террористік топ құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.
Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды ҰҚК.