Қатерлі ісіктің алдын алу үшін МРТ-ға түсу керек пе? Онколог маңызды сұрақтарға жауап берді

Қатерлі ісік ауруынан күдіктенген адамдар "бүкіл ағзамды МРТ-ға түсіру керек пе?" деп алаңдайды. Алайда онколог Иван Карасев бұл іс бәрібір қатерлі ісіктен құтқармайды дейді. Маман неліктен бүкіл денені магниттік-резонанс томографиясына түсіру мүмкін емес екенін түсіндірді.

Қымбат. Мұндай зерттеуді өз қалауыңыз бойынша жасасаңыз, ақша төлеуге тура келеді. Оған жолдаманы тегін алуыңыз екіталай.

Толық мәлімет алмауыңыз мүмкін. Диагноздың дәлдігіне құрылғының дәлдігі және суреттерді қарайтын дәрігердің біліктілігі әсер етеді.

МРТ-да ісікке дейінгі жағдайды байқау мүмкін емес. Бұрыннан бар ісік көрінеді. Сонымен қатар, зерттеуде контрасттың болуы және ісіктің локализациясы маңызды рөл атқарады. МРТ оны көрмейді.

МРТ анықтай алмағасын, өзіңіз "менде бәрі жақсы деп ойлауыңыз" мүмкін. Бірақ шын мәнінде, мұндай сенімділіктен аурудың бастапқы кезеңін өткізіп жібесіз.

"МРТ және КТ әдетте қатерлі ісіктерді анықтау үшін өте жақсы. Егер сіз бірінші кезекте не істеу керегін білмесеңіз, онкологқа хабарласып, алаңдаушылықтарыңызды айтып, тексеру жоспарын бірге ойластырғаныңыз жөн", - дейді Иван Карасев өзінің телеграм-каналында.

Онкологтың айтуынша, қатерлі ісіктерді дер кезінде анықтау үшін, әсіресе қауіп төніп тұрған жағдайда, денсаулығыңызды бақылауға алған дұрыс. Қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлері үшін арнайы онкоскринингтер мен жас бойынша тексерулер жүргізіледі.

Ең жиі анықталған қатерлі ісік түрлері:

Әйелдер арасында мынадай қатерлі ісік жиі кездеседі:

• сүт безі;

• тері қатерлі ісігі;

• жатыр қатерлі ісігі;

• тоқ ішек;

• жатыр мойны.

Ерлерде мынадай қатерлі ісік диагнозы жиі кездеседі:

• трахея, бронхтар, өкпе;

• қуық асты безі;

• тері қатерлі ісігі;

• асқазан (7%);

• тоқ ішек (7%).

Не істеуге болады? Дәрігер ең алдымен ерлер мен әйелдерге не нәрсеге көңіл бөлу керегін айтты

"Негізгі ұсыныстар 40-50 жастан асқан адамдарға қатысты, бірақ мен қатерлі ісік жасарып бара жатқанын және онкологиялық аурулардың көптеген жағдайы 30 жастан асқан", - дейді онколог.

Ерлерде простата безі жиі ауырады

Егер сіз 55 жастан асқан болсаңыз, қандағы нақты онкомаркер – ПСА (простата-спецификалық антиген) үшін жыл сайынғы сынақтан өтіңіз. Егер сіз 30 жастан асқан болсаңыз, бұл сынақты кем дегенде бірнеше жылда бір рет тапсырыңыз.

Бірдей жиілікте ультрадыбыстық зерттеу жасаңыз.

Урологқа мерзімді түрде барыңыз, әсіресе сізді бірдеңе мазалаған болса.

Әйелдерде сүт безі және жатыр мойны қатерлі ісігі жиі мазалайды

Қатерлі ісіктің алдын алу үшін:

• Менструальдық циклдің бірінші жартысында айына бір рет тексеруден өтіңіз. Егер сіз әдеттен тыс, күдікті нәрсе тапсаңыз, дереу дәрігерге хабарласыңыз;

• егер сіз 40 жастан асқан болсаңыз, жылына бір рет маммография жасаңыз, егер 40-қа толмасаңыз сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуінен өтіңіз;

• Сізді ештеңе мазаламаса да, жылына кемінде бір рет гинекологқа барыңыз;

• Жыл сайын жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуін жасаңыз.

massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста