Павлодарда мастықтан айықтыратын орынға түскен азамат мерт болды

Павлодарда мастықтан айықтыратын орынға түскен азамат мерт болды

Павлодарда айықтырғышқа түскен ер адам мерт болды. Марқұм түрлі дене жарақатынан ауруханада қайтыс болыпты. Ал жақындары оны ұрып-соққан деп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

 
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, Күлжан Медей марқұм күйеуі ішімдікті жиі ішетіндіктен учаскелік полицейді шақыруға мәжбүр болыпты. 

 

"Үйден учаскелік полицей әкетті. Қайда апарып ұрды, не істегеніне сол кісі жауап беру керек қой. Сап-сау әкеткен кісіні сабап өлтіріп отыр. Сараптамада сау жері жоқ. Ол кісіні апарғаннан кейін бір-екі сағаттан кейін қайтып кеткен. Бас деген майысып қалған. Өне бойдан түк жоқ. Сап-сау кеткен. Неге сонша жәбірлеп сабайды?", - дейді марқұмның жұбайы Күлжан Медей.

 

Ал айықтырғыштағы дәрігерлердің айтуынша, азамат орташа масаң күйде жеткен. Ал денесінде зорлық іздері болмаған көрінеді.

 

Дәрігерлер марқұмға бірнеше рет операция жасаған. Алайда құтқара алмапты. Қатты соққыдан миына қан құйылғанын айтқан.

 

Азаматтың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалған. Ал полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

 

"Дәрігерлер оны тексерген кезде денесінде және басында жарақат іздері болмаған. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Айықтырғыштағы бейнебақылау камерасынанан оның өзін бірнеше рет құлап, басын соққаны түсіп қалған", - дейді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста