Оқыту мен тәрбие беру саласына ер адамдарды көбірек тарту керек – ағылшын профессоры

Бұл туралы Ұлыбританиядағы Бристоль университетінің профессоры Саймон Браунхилл мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

 

Мен 21 жасымнан бері мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет атқарып келемін. Өзімнің докторлық диссертациямда осы саладағы ер адамның рөлі туралы халықаралық зерттеу жұмысын жүргіздім. Зерттеудің нәтижесіне сәйкес, көптеген елде, соның ішінде Қазақстанда мұғалімдер мен тәрбиешілердің 99,9%-ы – әйелдер қауымы екені белгілі болды. Жалпы әлем елдерін алып қарасақ, педагог ерлердің үлесі 3%-ды ғана құрайды. Польша сынды кейбір мемлекеттерде бұл көрсеткіш 0%-ға тең. Бұл дегеніміз білім беру саласына ер адамдар қатыспайды деген сөз, - деп атап өтті ғалым «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы балалар жылы» атты XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясынан кейін берген сұхбатында. 

 

Айтуынша, ерлерге балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласынан алыс жүруге әсер ететін бірнеше фактор бар. 

 

Солардың ең біріншісі – жалақының төмендігі, мамандық мәртебесінің төмендігі мен мемлекет тарапынан ынталандырудың болмауы. Сондай-ақ бұған қоғамның ықпалы да жоқ емес. Яғни педагог болудан ұялатын азаматтар да жоқ емес. Мәселен, Ұлыбританияда да ер мұғалімдердің үлесі небәрі 2-3% ғана, - деді Саймон Браунхилл. 

 

Сонымен қатар ағылшын ғалымы бұл салаға ер азаматтарды тартудың маңызы зор деп отыр.

 

Өйткені ұл балаларға, соның ішінде әкесіз өсіп жатқан балаларға ер педагогтің тәрбиесі қажет. Мектепке дейінгі тәрбие – жас ұрпақтың ертеңгі болашағы қаланатын іргетас, алғашқы баспалдақ. Сол үшін ерлер қауымы балабақшада жұмыс істейтіндігін айтуға ұялмайтындай деңгейге жеткізуіміз керек. Бұл әлемдік мәселеге айналып отыр, - деді ұлыбританиялық профессор. 

 

Еске сала кетейік, бүгін Астанада «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру» атты ХІІІ халықаралық ғылыми-практикалық форум өтіп жатыр.  

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста