Халық әртісі Роза Рымбаева немересі Зейінмен түскен суреттерін әлеуметтік желідегі парақшасында жиі жариялап жүр. Әжесі мен немересінің кезекті видеосында Роза Рымбаваның Әлидің ұлын аяғына салып, тербетіп отыр. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әдетте ән сапардан босамайтын Роза Қуанышқызы соңғы кезде қолы қалт етсе Әли мен Ақеркенің үйіне асығады. Өнер иесінің әлеуметтік желідегі парақшасында 400 мыңнан астам оқырманы бар. Осыдан үш сағат бұрын әнші Зейінді бағып отырған видеосын желіге жүктеді. Роза Қуанышқызының видеодағы “Бақыт” әні әжесі мен немересінің көңіл күйі мен бақытты сәтін сипаттап тұрғандай.
Әжесі мен немересінің бейнежазбасына сүйсінген жас әке Әли Оқапов та видеоны өзінің желідегі парақшасында жариялады.
Жақында кішкентай Зейін 3 айға толған еді. Жұлдызды әулет осыған орай шағын отбасылық жиын жасап, бір дастарханда бас қосты.