Мұғалім-оқушы-ата-ана. Еліміздің бас ұстазы үндеу жолдады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ата-аналарға, оқушыларға және әріптестеріне үндеу жолдап, балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
 
 
Білім беру саласындағы барлығымыздың негізгі міндетіміз – балаларға қауіпсіз және қолайлы ортаны құру үшін қажетті әрекеттерді қамтамасыз ету. Бірде-бір бала құқығының бұзылуына жол бермеуіміз керек. Осыған орай Білім басқармасы, аудандық және қалалық білім беру бөлімдері басшылары тәрбие жұмысы бойынша жеке жауапкершіліктерін күшейтуді, барлық білім беру ұйымында сабақ уақытында, сабақтан тыс уақытта оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, қамқор болуға, бірлікке, бір-бірін қолдауға шақыратын іс-шаралар өтуі қажет, - деп тапсырма берді Оқу-ағарту министрі әріптестеріне.
Сонымен қатар барлық білім беру ұйымында буллингке «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша тәрбие сабақтарын ұйымдастыруды, мектептен тыс іс-шаралармен балаларды барынша қамтуды, барлық өңірде ата-аналармен жұмысты жүйелі түрде күшейтуді, балалар арасында қандай да бір құқық бұзудың алдын алуда ведомствоаралық, оның ішінде құқық қорғау, халықты әлеуметтік қолдау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары арасында өзара байланысты нығайтуды тапсырды.

Бейсембаев шұғыл жиналыста ата-аналарға үндеу жолдады.

Құрметті ата-аналар! Соңғы уақытта буллинг тез таралып бара жатқан құбылысқа айналды. Оның алдын алу үшін министрлік заңнамалық базаны жетілдіріп жатыр. Баланы буллингтен қорғау заң жүзінде бекітілген. Ол үшін арнайы ережелер қабылданған. Осы мақсатта балаларды буллингтен қорғау үшін алдын алу ережелері және мектептердің психологиялық қызметтері қызметінің ережелері қабылданды. Ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту үшін балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік фактілерін анықтау және олармен жұмыс істеу алгоритмі қабылданды, - деп түсіндірді министр.
Ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен балаларды қатыгездіктен қорғаудың кешенді жоспары әзірленіп жатқанын айтты.

Бүгінгі күні барлық білім ордасында қорлау, қатыгездікті тоқтататын ресурс жеткілікті. Мұғалімдерге көмекке ата-аналар комитеті, қамқоршылық, ақсақалдар және әкелер кеңесі келуі керек. Мектептің мойнына өте маңызды, яғни бала үшін өмір сүріп, жұмыс істеу миссиясы жүктелген, - деді Ғани Бейсембаев.
Министр атап өткендей, бүгінгі күні өңірлерде Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер жұмыс істейді. Телеграмда «Bala qorgau» чаты ашылған. Ол жерге бала құқығы бұзылған жағдайда жүгінуге болады.

Бақытты бала ғана елімізді бақытты ете алады. Өскелең ұрпаққа қамқор болу – біздің басты міндетіміз. Олардың амандығы және бақытты балалық шағы үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Осы мәселеде ата-аналармен бірігуіміз маңызды, - деді ол.
Еліміздің бас ұстазы балаларға да үндеу жолдады.

Құрметті балалар! Барлығың ата-аналарыңның әлпештеп, өсіріп отырған балаларысыңдар. Бір-бірлеріңе қатыгездік жасауға жол бермеу керек. Егер жәбір көріп немесе жәбірлеудің куәгері болсаңдар, бірден көмекке шақырыңдар. Әр өңірде бала құқықтарын қорғайтын өкілдерді тағайындадық. Министрліктің Бала құқықтарын қорғау комитеті тәулік бойы сендерге қызмет етеді. Тиісті байланыс нөмірлерін әлеуметтік желілерде бар, - деп үндеу жолдады министр балаларға.
Бұған дейін Саты ауылындағы екі бала өлімінің мән-жайы тексеріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар министр қайтыс болған оқушылардың жақындарына көңіл айтты. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста