"Мені ешкім іздеген жоқ". Тараздық тұрғын 19 жыл өлді деп саналған

Таразда 59 жастағы ер адам өлілердің қатарында екенін зейнетақы қорындағы қаражатын түгендеуге барғанда білген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, зейнетақы қорының қызметкерлері бұл өмірде жоқ адамға қызмет көрсетпейміз деп қайтарған. Олег Ким осындай жағдай басынан өтеді деп ойламағанын айтады.

 

 

Фирмада жүк түсіруші болып істейтін ол зейнетақы қорындағы қаражатын түгендемек болыпты. Ондағылар 59 жастағы азаматқа әруақ көргендей шошынып қараған.

 

 

"Зейнетке шығума жақын қалды. Сол себепті қордағы қаражатымды тексергім келді. Сөйтсем, мамандар маған таңырқай қарайды. "Сізге қызмет көрсете алмаймыз, себебі тірілір тізімінде жоқсыз" дейді. Қолыма қағазды ұстатты. Мен Алматы қаласы Түрксіб ауданы сотының шешімімен 2004 жылы марқұмдардың санатына қосылған екенмін", - дейді Олег Ким.

 

 

Сотқа жүгінген Олегтің бұрынғы әйелі болып шықты. 59 жастағы кісі Алматының аруымен 1990 жылы отасып, 2000 жылдардың басында ажырасып кеткен. Содан бері екеуі бір-бірін көрмеген. Олег 2003 жылы қарақшылық бабымен 9 жылға сотталғанын айтады.

 

 

"Бұрынғы әйелім мені іздеп таппаған деп ойлаймын. Біз заңды түрде ажырасқан жоқ едік. 10 жастағы қызым қалған болатын. Мен із-түзсіз кеткесін, сотқа жүгінген болуы керек. Ал судья қайтыс болды деген шешім шығарған. Бірақ мені ешкім іздеген жоқ", - дейді Олег Ким.

 

 

Алпысты алқымдаған азамат еш кедергісіз өмір сүрген. Банк картасына тұрақты түрде жалақысы түсіп тұрған. Тіпті екі жыл бұрын ескірген төлқұжатын да ауыстырыпты. Таңғаларлығы, Олегтің бақилық болғандығы жөніндегі дерек электронды ортақ базаға тек 2021 жылы енгізілген екен. Бұған дейін тосқауылдардың болмауы содан болса керек. Ал АХАТ бөлімінің басшылығы кісінің шаруасын шешу аса қиын емес дейді.

 

 

"Бұл кісінің статусын қайтару үшін АХАТ бөліміне жүгіну керек. Өтініш жазып. Қайтыс болу акті жазбасын жою үшін. Содан кейін бұл кісіге сотқа жолдама береміз. Түрксіб ауданы сотының 2004 жылғы шешімін жою үшін. Сол жою фактісін әкелгенде, біз оны жойып тастаймыз. Одан кейін статусы өзгереді", - дейді Тараз АХАТ бөлімінің басшысы Бақытнұр Тілеубекқызы.  

 

 

Олег Ким азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне өтініш тастады. Бірақ бұл кісіні тірілер қатарына қосу процесі қаншаға созылары айтылмады. Ал әзірге 59 жастағы азаматқа мемлекеттік және әлеуметтік қызмет мүлдем көрсетілмейді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста