Маңғыстау облысында алкогольді өнімді контрафактілі жолмен саудаламақ болғандар ұсталды. Тергеу барысында қоймадан 31 мыңнан аса бөтелке тәркіленген, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы өңірдегі Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Мәліметке сүйенсек, алкогольді өнімдер түгел дерлік жалған бақылау-есепке алу маркасымен таңбаланыпты.
Тергеу барысында 31 099 бөтелке алкогольді өнім тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 233-бабы 2-бөлігі бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды, — делінген ақпаратта.