"Лақтыра салынған Елтаңба". Желідегі видео бірнеше құзырлы ведомствоны әуре-сарсаңға түсірді

"Лақтыра салынған Елтаңба". Желідегі видео бірнеше құзырлы ведомствоны әуре-сарсаңға түсірді

Әлеуметтік желіде Талдықорған тұрғындарының бірінің парақшасында жерде жатқан Мемлекеттік Елтаңбаның видеосы жарияланды. Кадрдан мемлекеттік рәміздің Жетісу облыстық соты ғимаратының жанында жатқанын көруге болады. Бұған қатысты облыстық сот түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Сандуғаш Дүйсенованың Instagram-да жарияланған бұл видеосына ең бірінші болып Жетісу облысының прокуратурасы үн қатты.

"Бейнежазбада көрсетілген фактіні тексеру және құзыреті шегінде шаралар қабылдау үшін Жетісу облысының Полиция департаменті мен әкімдігіне жолданды", делінген хабарламада.

Көп ұзамай Жетісу облыстық соты да бұл жағдайға түсініктеме берді.

"Мемлекеттік Елтаңба жақында ауыстырылды. Сонымен қатар, облыстық сот ғимаратында ішінара жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты ауыстырылған Елтаңбаның макеті бүгін сыртқа шығарылды. Алайда, ол жұмыс күнінің соңына дейін сақтау қоймасына қайта қойылуы керек еді. Негізгі құралдарды есептен шығару кестесіне сәйкес, Елтаңба 2023 жылдың 31 шілдесінде жойылуы тиіс болатын. Оған дейін ескі Елтаңба сот ғимаратында сақталуы керек", - деп мәлімдеді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.


Сондай-ақ құзырлы ведомство азаматтарға бұл мәселеге бей-жай қарамағандығы үшін алғыс білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста