Кореяға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық 1,5 жылдан бері табылмай жатыр

Кореяға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық 1,5 жылдан бері табылмай жатыр

Кореяға жұмыс істеуге кеткен отандасымыз бір жарым жылдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Шығыс Қазақстан облысының тумасы алғашқы кезде анасымен тұрақты хабарласып тұрған. Тапқан табысын жіберіп отырған. Енді қызынан хабар ала алмай жүргенін айтады.

Шығыс Қазақстан облысының тумасы Альбина Кабдулдина есепші мамандығын меңгеріп, сауда үйінде сатушы болып жұмыс істеді. Жолдасы қайтыс болып, 13 жастағы жалғыз қызымен қалады. Анасына баспана алып бермек ниетпен табысы көп жұмыс іздейді. Осы мақсатта 2019 жылы Кореяға кетеді.

«Үнемі байланыста болды. Бір емес, екі рет шығатын. Жұмыс орнын көрсететін. Қайда істеп жатқанын, зауыттарын көрсететін. Пандемия уақытында визасымен мәселе болды. Сол кезде шыға алмай қалдым деді. Бірақ бастықтары керек затты әкеп береді деді. Пусан, Сеул деген қалаларды жұмыс табу үшін ауыстырып отырды. Үйге қайт дегенде үйге барғанда не істеймін, табыс жоқ деді. Әйтеуір келгеннен кейін бірдеңесін жинап, теріп мүмкін бірдеңе аламыз деп сондай ниетпен кетті ғой», – дейді қыздың анасы Айгүл Болсаева.

35 жастағы Альбинамен байланыс 2021 жылдың 13 маусымында үзілді. Өзін қоярға жер таппаған ана қызын тауып беремін деген айлакерлерге тап болып, 10 млнға жуық ақша берген.

«Міне 1 жарым жыл болды. Қайда екенін білмеймін. Барлық мүмкіндікті жасадық. Дүниенің ақшасын жібердік. Бір әйел болысамын деп отырғызып кетті үлкен ақшаға. Сөйтсе алаяқ боп шықты. Енді кімге сенуге, не істеуге болатынын блмеймін», – дейді Айгүл Болсаева.

Анасының баспаған табалдырығы, ашпаған есігі қалмады. Заңсыз мигранттардың құқығын қорғайтын «Корея көмек» қайырымдылық қорының мүшесі Самат Ахметов те отандасымызды іздеуге атсалысып келеді.

«Альбина деген қарындасымызды да ҚР Оңтүстік Кореядағы елшілігі өте жақсы көмектесіп, барлық жерге ақпараттарды таратып, тергеу және құқық қорғау органдарымен 3-4 рет кездесу өткізді. Біздің өзіміз «Корея көмек» қоры Альбинаның мамасымен тікелей байланыс орнатып, Кореяның 72 мәйітханасына барып, өлгендердің арасында бәлкім бар шығар деп іздедік, алайда өлгендердің қатарында да, миграциялық бөлімге, түрмеге түскендердің қатарында да қарындасымыздың жоқ болып шықты», – дейді «Корея көмек» қайырымдылық қорының әкімшісі Самат Ахметов.

Қазір Оңтүстік Кореяда 37 мыңнан астам қазақстандық бар. Олардың 11 мыңы заңсыз мигрант. Жылына сол елде із-түзсіз жоғалатын жергілікті және шетел азаматтардың саны 11 мыңнан асады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста