Көмек сұраған қызды қорғаймын деп істі болған ер адамға үкім шықты

Көмек сұраған қызды қорғаймын деп істі болған ер адамға үкім шықты

Павлодарда абайсызда кісі өлтірген ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс материалдарына сүйенсек, айыпталушы мас күйінде 2022 жылғы 1 тамызда Торайғыров көшесінде көмек сұраған бейтаныс қызды ер адам қолынан ұстап тұрғанын көрген. Ол адам өлтіру мақсатынсыз қыздың қолынан ұстап тұрған жігітті жұдырықпен бетінен ұрған. Соңғысы тепе-теңдігін жоғалтып, артқа құлаған. Салдарынан желкесін асфальтқа соғып, ауыр дене жарақаттан ауруханада қайтыс болған. 

«Прокурор айыпталушыны екі жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушілер бас бостандығынан айыруды талап етті. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Оның  екі баласы мен  науқас қарт анасы бар», – деп хабарлады Павлодар қаласы  № 2 сотының баспасөз қызметі.


Сотталушының кінәсі толық дәлелденді.

Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды және ауырлататын мән-жайларды  ескере отырып, айыпталушыны 104 ҚК-нің 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп таныды және ең төменгі қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ, жәбірленушілердің талаптары жалпы сомасы 4,4 млн теңгеге қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста