Көк байрақ туралы қызықты деректер

Бүгін егемендігіміз бен елдігіміздің нышаны – мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына 30 жыл толды. Содан бері жығылмай келе жатқан қасиетті көк байрағымыз туралы қызықты мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз. 
 
 
• Көк түс – күллі түркі әлемі үшін киелі ұғым. Демек, аспан түстес байрағымыз шексіздіктің, игілік пен тыныштықтың, бейбітшіліктің символы ретінде таңдалған. 

• Әуел баста туымыздың ою-өрнектері қызыл түске боялғанымен, көп ұзамай алтын түске ауыстырылған. 

• Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. 

• Мемлекеттік туды таңдау үшін байқауға 1200 шығармашылық өкілі қатысты. 700-ге жуық адам пікір білдіріп, 245 сурет жобасы ұсынылды. 

• Көк байрақта бейнеленген қыран бүркіт бейнесі жас егемен Қазақстанның әлемдік өркениетке ұмтылуын білдіреді. Бүркіт – биіктіктіктің, қырағылықтың, алғырлықтың символы. 

• Республикамыздағы ең үлкен тудың ені – 15, ұзындығы – 30 метрді құрайды. Ол елордадағы «Атамекен» этно-мемориалды кешенінің аумағында тұр. 

• 1995 жылы ұлы Абайдың дүниеге келгеніне 150 жыл толуына орай көк байрақты Президент Нұрсұлтан Назарбаев Іле Алатауы жотасының «Абай» шыңына орнатқан. 

• 2011 жылы 14 желтоқсанда Оңтүстік полюсті бағындырудың 100 жылдығында еліміздің туы Антарктидада орнатылды.  

• 2011 жылы Мақсұт Жұмаев пен Василий Пивцов көк байрағымызды Азияның ең күрделі тауы – Қарақорым Чогори шыңына 8611 м биіктікке орнатты. 

• 2012 жылы 23 ақпан күні отандасымыз Андрей Гундарев Оңтүстік Америкадағы ең биік шың – Охос-дель-Саладоға шығып, Қазақстанның туын дүние жүзіндегі ең биік жанартауға тікті. 

• 2014 жылы қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Солтүстік Американың ең биік тауын бағындыру кезінде Мак-Кинли шыңында туымызды орнатты.

• Қазақстанның туы Батыс Еуропаның ең жоғарғы «Монблан» биігінде тұр. Сондай-ақ   бүкіл әлемнің ең биік Эверест шыңында, яғни 8 800 м биіктікте Мемлекеттік туымыз желбіреді. 

• 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа сапары кезінде Мемлекеттік туымызды асқақтатып, Жер шарын 150-ден астам рет айналып ұшты.

• 2015 жылдың 14 сәуірінде қазақстандық шаңғы экспедициясы туды Солтүстік полюс – Арктикада тікті.


Мақпал ОРЫНБЕК

BAQ.KZ тілшісі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста