«Ғылым» номинациясы бойынша «Дарын» сыйлығы лауреаттарының тізімін жарияланды

«Ғылым» номинациясы бойынша «Дарын» сыйлығы лауреаттарының тізімін жарияланды

​Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаттарының тізімін жариялады. Тізімге жас және перспективті ғалымдар мен оқытушылар кірді. Естеріңізге сала кетсек, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін талантты жастарды қолдау мақсатында жыл сайын берілед, - деп хабарлады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.


​Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Камила Егізбек «Ғылым» номинациясы бойынша «Дарын» сыйлығының лауреаты атанды. Жас ғалым биомедицина саласы және су ортасын тазарту үшін наноқұрылымды темір бар материалдарды қолдану технологиясын зерттеп жатыр. Ол 15-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде 10 мақала импакт факторы жоғары халықаралық басылымдарда жарияланған. Scopus базасы бойынша 23 жастағы ғалымның Хирш индексі 4-ке тең.


​«Ғылым» номинациясы бойынша тағы да бір лауреат – Сулейман Демирель атындағы университет оқытушысы Фарух Машуров. 2014 жылдан бастап Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Математика және математикалық модельдеу институтында» ғылыми жұмыстармен айналысады. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін СДУ-да ғылыммен және оқытушылықпен айналысып келеді. Оның ғылыми жұмыстары ассоциативті емес алгебраның құрылымдық мәселелерін зерттеумен байланысты. Көптеген ғылыми еңбегінің нәтижесі физика мен механикадағы түрлі проблемаларды шешуге көмектескен.


​«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша сыйлық Сәтбаев университетінің оқытушысы Алмас Төлепке тағайындалды. Алмас Төлеп – Сәтбаев университетінің белсенді оқытушысы, келешегінен зор үміт күттіретін жас ғалым, ғылыми жұмыс пен шығармашылық қызметті тамаша үйлестіре білетін сәулетші. Алмас студенттерге сабақ береді және университеттің оқу корпустарын реконструкциялау, абаттандыру, ғимараттардың жан-жағын гүлдендіру жобаларын әзірлейді. Жүзеге асырылған жобаларының қатарында тау-кен металлургия корпусы мен кіші оқу корпусы бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста