Еңбек министрлігі 4 күндік жұмыс аптасына көшу шарттарын түсіндірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Сәкен Ділдахмет Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасының енгізілуіне қатысты түсініктеме берді. Ведомство өкілінің айтуынша, Еңбек кодексіне енгізілетін өзгеріс жұмыс аптасын толығымен 4 күндікке ауыстырмайды. Бұл жерде жұмыс кестесін кезек-кезек ауыстыру туралы сөз болып отыр.

"Өзгеріс аясында 4 күндік, 5 күндік және 6 күндік жұмыс аптасын кезекпен ауыстыру қарастырылады. Мәселен, бір апта 5 күндік болса, екінші аптада 4 күн жұмыс істеуге болады. Бұл жұмыс кестесі қызметкердің өтініші бойынша, жұмыс берушінің келісімімен бекітілуі мүмкін. Сөйтіп, 4 күн жұмыс істейтін қызметкерде қосымша демалатын бір күн пайда болады", –  деді ведомство өкілі.

 Сәкен Ділдахмет бұл тәжірибені кейбір жұмыс берушілер қолданып жүргенін және ол еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін айтты.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылдан бастап жұмыс берушіге 5 және 6 күндік жұмыс аптасымен қатар, 4 күндік жұмыс аптасын белгілеуге де мүмкіндік берілмек. Өзгеріс заңның 71-бабына жеке тармақ болып енгізіледі:

Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында 5  немесе 6 күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен 4 күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста