Еліміздегі жоғары жалақы төленетін мамандықтар қандай?

Наурызда электрондық еңбек биржасында 73,5 мың бос жұмыс орны және 63,5 мың түйіндеме орналастырылды. Ақпан айымен салыстырғанда бос орындар саны 3%-ға (-1,9 мың бос жұмыс орны), ал түйіндеме – 35%-ға (-33,9 мың) азайды деп хабарлады turkystan.kz.

Наурыз айының қорытындысы бойынша, ең көп жалақыны телекоммуникациядағы жобалар жетекшісі (орта есеппен 1,6 млн теңгеден бастап), бас комплаенс-бақылаушы (~1,3 млн теңге) лауазымына үміткер ізденушілер, сондай-ақ мұнайды есепке алу, резервуарлар және машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженерлер (~1 млн теңге) сұраған.

Сонымен қатар жұмыс берушілер желілік инженерлерге (орта есеппен 900 мың теңгеден бастап), өнеркәсіптік альпинистерге (~ 625 мың теңге), сондай-ақ бұрғылау жөніндегі инженерлерге (~ 550 мың теңге) ең жоғары жалақы ұсынды.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшылары хабарлағандай, кадрларға ең үлкен қажеттілікті білім беру (13,9 мың), басқа да қызмет түрлері (7,7 мың) және денсаулық сақтау (3,4 мың) секторларының кәсіпорындары көрсетті.

«Бұл ретте сұраныстың біліктілік құрылымында наурыз айында өзгерістер жоқ. Яғни, біліктілігі төмен еңбекке жеткілікті төмен сұраныс болған кезде жоғары білікті мамандарға сұраныс тенденциясы сақталды. Бұл орналастырылған бос жұмыс орындарының тек 20%-дан кемі болып отыр. Орта білікті жұмысшыларға сұраныс жоғары болып қалуда – олар бос жұмыс орындарының 40% – ын құрады», – делінген хабарламада.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста