Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіс "Қазтелерадио" ұлттық операторына сілтеме жасап.
"2023 жылғы 19 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - деді делінген хабарламада.