Елімізде Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім беру саласындағы 1000 көшбасшыны даярлау бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Болашақта бұл үздіктер білім беру ұйымдарының басшылық қызметіне конкурссыз тағайындалады. Осылайша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы негізінде ашылатын білім ошақтары қажетті басшылармен қамтамасыз етіледі. Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Ғани Бейсембаев білім саласының кадрлық резервінің іріктеуге Қазақстан азаматтығы бар, жоғары білімді, кемінде 3 жыл өтілі бар 35 жасқа дейінгі педагогтар мен басшы орынбасарлары қатыса алатынын жеткізді. Үміткерлер даярлықтың 3 кезеңінен өтеді.