Депутаттар мұғалімдердің еңбекақысына талдау жүргізуді сұрады

Мәжілісте қосымша білім беру педагогтерінің еңбекақысын төлеу жүйесіне талдау жүргізу жайында сұрақ көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
 
 
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау осы мәселені көтеріп, Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдады.

Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №123 бұйрығына сәйкес қосымша білім беру педагогтары «В3» блогына, ал мектеп мұғалімдері «В2» блогына бекітілген. Алайда қосымша білім беру педагогтері да сол орта білім беру педагогтері оқыған жоғарғы педагогикалық оқу орындарын бітіріп, солар сияқты толыққанды жұмыс істей отырып, тест тапсырады, аттестациядан өтеді, кәсіби біліктілігін арттырады, бірақ соған қарамастан олардың жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан 24%-ға төмен, - деді Тау.
Сөзінше, «магистр» дәрежесі бар қосымша білім беру педагогтары үшін қосымша ақы қарастырылмаған.

Конституцияның 24-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің еңбегі үшін ешбір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар делінген. Сонымен бірге «Педагог мәртебесі туралы» заңның 1-бабының 1 тармағына сәйкес, мектеп мұғалімдері сияқты қосымша білім беру педагогтеріне де құзыреттілік критерийлері мен талаптары бірдей қойылған, - деп айтты Нұргүл Тау.
Respublica партиясының мүшелері қосымша білім беру педагогтері еңбекақысын төлеу жүйесіне тиісті талдау жүргізуге және қосымша білім беру педагогтеріне еңбекақы төлеуге байланысты қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Атап айтқанда, «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №123 бұйрығына өзгерістер енгізе отырып, «қосымша білім беру педагогы» лауазымын «В3» блогынан алып, «В2» блогына енгізуді ұсынды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста