COVID-19 қарсы вакциналардың кейбір партияларында тұзды ерітінді, басқаларында у болады

COVID-19 қарсы вакциналардың кейбір партияларында тұзды ерітінді, басқаларында у болады

Әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакциналардың кейбір партиялары өлімге әкелуі мүмкін деп тағы да жазылып жатыр. Бұл жолы пайдаланушылар банктік инвестициялар жөніндегі маман – америкалық Кэтрин Остин Фиттстің сөздеріне сүйеніп отыр. Бұл рас па? Анықтайық.

 


Кэтрин Остин Фиттс – банктік инвестициялар саласындағы маман. Сондай-ақ ол вакцинацияға қарсы тұлға және COVID-диссидент ретінде белгілі.


Кэтрин Остин Фиттс 2009 жылы тараған доңыз тұмауы ойдан шығарылған және оған қарсы вакциналар планета халқының санын қысқартуға арналған биологиялық қару деп жазған.


Қазіргі кезде ол COVID-19 пандемиясы туралы да дәл осындай пікірде. Алдыңғы мәлімдемелер сияқты, бұл да дәлелсіз.


Кэтрин Остин Фиттстің вакциналардың кейбір партиялары улы екендігі туралы теорияларында ешқандай дәлел жоқ.


Бір өндірушінің иммундауға арналған препараттары партиясына қарамастан құрамы жағынан бірдей. Мұны тәуелсіз зерттеулер растайды.


Сонымен қатар вакциналар, кез келген дәрі-дәрмек сияқты, әртүрлі елдерге әкелу кезінде арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен тексеріледі. Мысалы, Қазақстанда тексеру «Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Шетелден әкелінетін барлық дәрі-дәрмек үшін 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясының талаптарына сәйкес нотариалды куәландырылған немесе апостильденген GMP сертификатының көшірмесі қажет.
Сонымен қатар COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы көпшілікке қол жетімді және олармен кез келген адам таныса алады.


Вакциналардың кейбір партиялары қауіпті, ал басқалары қауіпсіз емес деген теориялар Желіде COVID-19-ға қарсы жаппай егу науқаны басталғаннан кейін тарала бастады. Бұған дейін вакцинацияға қарсы адамдар барлық вакциналар өлімге әкеледі деп мәлімдеген болатын. Одан кейін вакцинацияланған адамдар вакцинациядан кейін алты ай өткен соң өледі деп айта бастады. Бұл гипотезалардың ешқайсысы расталмағанда, кейбір вакциналар ғана улы деген теория пайда болды.
Демек, вакциналардың бір бөлігі тұзды ерітінді, ал екіншісі у деген ақпарат – фейк.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста