«Болашақ» түлегі халықаралық академиялық зерттеудің сарапшылық комиссиясы құрамына енді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.
Арай Ильясова-Шенфельд - «Болашақ» стипендиясының екі мәрте иегері. 2010 жылы Ұлыбританияның ең ірі және үздік ЖОО-ларының бірі – Ноттингем университетінде мемлекеттік басқару мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды, 2017 жылы докторлық диссертациясын қорғады.
Биыл жас ғалымды Times Higher Education World University Rankings атты әлемнің үздік жоғары оқу орындарының беделін жаһандық зерттеуіне ғалым және сарапшы ретінде қатысуға шақырды. Университет жетістіктерінің деңгейі жаһандық сарапшылар сауалнамасының нәтижесі, статистикалық талдау және т.б. негізінде бағаланады.