Балаға берілетін жәрдемақы – 2023: кімге, қалай және қанша төленеді?

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңге болады. Тиісінше көпбалалы аналардың жәрдемақысы мен жөргекпұл мөлшері де өседі


Келесі жылы кімге қанша төленетінін Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.


Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы


Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді:

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 131 100 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 217 350 теңге.


Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді.


Бала күтіміне байланысты жәрдемақы 1,5 жасқа дейін төленеді


Бұған дейін бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы сәби 1 жасқа толғанға дейін төленіп келді. Енді 2023 жылдың қаңтарынан бастап осы төлем бір жарым жылға ұзартылады. 2022 жылы туған бала үшін жәрдемақы автоматты түрде жарты жылға созылады. Ал 1 қаңтардан кейін туған балаға бірден 1,5 жылға тағайындалады.


Бұл жәрдемақы балаға қарайтын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлерге тағайындалады.

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 19 872 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 23 495 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 27 083 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 30 705 теңге.


Декретке дейін жұмыс істеген әйелдердің бала күтіміне байланысты алатын ай сайынғы әлеуметтік төлемі бөлек есептеледі. Оның мөлшері бала туғанға дейін соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.


Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы


Кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы отбасыға бала санына қарай беріледі.


2023 жылы оның мөлшері:

  • 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96,807 теңге;


8 және одан көп баласы бар отбасыларға 32,06 АЕК немесе 110 607 теңге және одан кейінгі әр бала үшін 4 АЕК немесе 13 800 теңгеден.


Марапатталған аналардың жәрдемақысы артады


2023 жылы "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" наградталған аналар деген жаңа статус енгізіледі. Соның аясында марапатталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.


Осылайша жаңа жылдан бастап "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар табысына қарамастан ай сайын 25 530 теңге алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста