Апелляция соты үй кезегінен себепсіз шығарылған әйелдің құқығын қорғады

Апелляция соты үй кезегінен себепсіз шығарылған әйелдің құқығын қорғады

Өз баспанасы жоқ, анасының үйінде тұратын елорда тұрғыны сотқа жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талапкер кезектен шығару туралы ешқандай хабарлама алмаған, оны кезектен шығаруға негіз болған жоқ деп санайды. Ал өзі 2011 жылы анасына берілген даулы пәтерде тұрады.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі шешімімен оның талабы қанағаттандырылды.

Бірінші сатыдағы сотта талапкердің анасы қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаж болғаны, даулы пәтерде тұрғаны, жыл сайын жалдау шартының ұзартылғаны анықталды.

Жауапкерлер ӘРПК қағидаттарын бұза отырып, талапкерді тиісті арызды және құжаттарды ұсыну құқығынан айыра отырып, кезектен шығару туралы қабылданған шешім туралы уақтылы хабардар етпеген.

Осыған байланысты бірінші сатыдағы сот тұрғын үй басқармасына талапкермен жоғарыда аталған пәтерді жалдау шартын жасасу міндетін жүктеді.

Себебі талапкердің меншік құқығында өз үйі жоқ, сондықтан тұрғын үй алуға мұқтаж адамдарға жатады.

Бұдан басқа, талапкер - жасы бойынша зейнеткер, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азамат.

Апелляция сатысындағы соттың қаулысымен шешім күшінде қалды.

Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста