27 маусым күні Алматының Жетісу ауданында су желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты жергілікті жерде суық су өшіріледі. Бұл туралы Zakon.kz сайтына "Алматы су" МКҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар жұмыс кезінде Бекмаханов – Совхозная – Земнухова – Волгоградская көшелерінің контурындағы желілерде су қысымы төмендейтіні айтылды.
"27 маусымда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Солтүстік айналма – Бурундайская – Потышева – Гамарника – Дыбенко көшелерінің контурында, Крыжицкого бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда, Павлодар көшесінің бойымен Крыжицкий және Бурундай көшелерінің аралығында суық су беру тоқтатылады", - деп мәлімдеді "Алматы су" МКҚК баспасөз қызметі.
Бөлім уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
"Барлық сұрақ бойынша 274-66-66 номеріне хабарласуға болады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін 26-30 маусым аралығында Алматының Әуезов ауданында Черепанова көшесінің бойымен Сүлейменов көшесінен Пришвин көшесіне дейінгі аралықта көліктерге қозғалыс жабылатыны хабарланған.