Алматы соты Ресейді сынап пост жазған екі белсендіні түрмеде қалдырды

Алматы апелляциялық соты  қазақстандық блогер және экономист Данат Намазбаевқа қатысты шағымды қарап, оны өзгеріссіз қалдырды. Сот  Ресейді сынаған екі белсенді Данат Намазбаев пен Марғұлан Боранбаевты қамауда қалдыруға шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот бірінші оқылымында Намазбаевты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтеуге үкім етті. Іс бойынша тағы бір айыпталушы Марғұлан Боранбаев 5 жыл 2 айға қамалды.

Сондай-ақ сот жәбірленуші тараптың Боранбаевтан 200 мың теңге сот шығындарын өндіру туралы талап арызын қанағаттандырды.

Бұған дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы соты Намазбаев пен Боранбаевты 2018 жылдан бастап әлеуметтік желіде "ұлтаралық және әлеуметтік араздық қоздыратын, орыс ұлты өкілдерінің ұлттық ар-намысына тиетін жазбалар жариялаған" үшін бес жылға соттаған еді.

Сот екі азаматты да "билікті басып алуға немесе күшпен алуға шақыру" бабы бойынша айыпты деп тапқан, ал Боранбаевқа "ұлтаралық араздығын қоздыру" бабын қосқан. Аудандық сот Боранбаевқа үш жылға интернетті пайдаланып қоғамдық жұмыстарға араласуға тыйым салған. Ал Намазбаевқа "Милосердия" қорына 200 мың теңге төлеуге міндеттеген еді. Бұл қорды Қазақстандағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин басқарады.

Бұл істе Татьяна Семенова, Юрий Юрин, Әлжан Смағұлов және Аружан Саин жәбірленуші деп танылған.

Айыпталушылардың адвокаттары айыптың Facebook желісіндегі екі жазбаға негізделгенін баса айтады. Онда Намазбаев өз ойын айтып, билікті сынап, жемқорлықтың белең алғанын сынайды.

Заңгерлердің қарсы уәжіне қарамастан апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз деп тапты. Сот шешіміне бір жыл ішінде қайта шағымдануға болады. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста