Алматы маңында жоғалып кеткен жеті адамнан тұратын отбасы табылды

Алматы маңында жоғалып кеткен жеті адамнан тұратын отбасы табылды

Алматы маңында жоғалып кеткен жеті адамнан тұратын отбасы табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 қаңтарда сағат 20.30-да Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков астрофизикалық институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық көлік табылды. Адамдар саны анықталды, алдын ала мәлімет бойынша - зардап шеккендер жоқ.

"Жоғалған жеті адамнан тұратын отбасы сол жерде болған. Көбісінің жанар-жағармайы жоқ. Қазір құтқарушылар вагондарға жанармай құйып, колоннадағы көліктері бар адамдарды эвакуациялауда. Түрген-Батан бойымен Республикалық жедел-құтқару жасағының екінші тобы жүріп өтуде” - делінген хабарламада.

Еске салайық, 3 қаңтар күні сағат 8.00-де Еңбекшіқазақ ауданында, Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында жеті адамнан тұратын отбасы (төрт ер, екі әйел және бір бала) жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын. 2 қаңтарда екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай шыққан көліктер үйлеріне қайтып оралмаған.

"Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, Республикалық жедел-құтқару жасағы, өтуге қабілеттілігі жоғары техниканы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарды, полиция департаментін және еріктілерді тарта отырып жүргізді. Іздеу жұмыстарына дрон тартылды. Ауа-райы қолайлы болмағандықтан, ұшақты қосу мүмкін болмады.

Іздестіру тобына қарай баяу ілгерілеген жоғалған адамдар спутниктік байланыс арқылы бағытты үйлестірді. Сағат 20.30-да екі топ кездесті. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», - деді министрліктегілер.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста