Алаш арыстары көзсіз бейнеленген киімдер сатылымға шықпайтын болды

Алаш арыстары көзсіз бейнеленген киімдер сатылымға шықпайтын болды

Біздің коллекцияға бола қазақ-қазақпен жаға жыртысып, бірін-бірі балағаттағанын қаламаймыз. Сол себепті “Бес арыс”, “Әлихан Бөкейханұлы”, “Үш бәйтерек”, “Абай Құнанбайұлы” коллекцияларының сатылымы уақытша тоқтатылды, - деп мәлімдеді кәсіпкер Нұрбол Әзімжан Instagram парақшасында.

Видеода айтқандай әр істің білімді мамандарымен сұхбат немесе еркін подкаст жанрында кеңесіп, видео түсіретін боламыз.

Сол жерде адам бейнесімен көзсіз, көзбен дизайндар шығару мәселесі дұрыс па әлде бұрыс па? деген сұрақтарға толық жауап алып, халыққа дұрыс ақпарат бергіміз келеді.

Болса біз де, басқалар да адам бейнесімен дизайндар шығарайық. Болмаса түбейгейлі “болмайды” деген тоқтамға келейік, - деді кәсіпкер.

– Біз оны бір күнде запуск жасап, сатылымға шығарып жіберген жоқпыз. Талқыладық, сұрадық, ақылдастық. Бизнесмен ағалар бар, имам, таныс ағаларымыз бар. Сол кісілерден сұрадық. Енді насихат қой, бұл жерде ешқандай не жоқ қой деген секілді біз де пікірлер алдық Қазір уже менде де сұрақ. Бізде үлкен сұрақ қалып қалды. Сондай қалай болғаны, көзбен дұрыс па, көзсіз дұрыс па?, - деді кәсіпкер Нұрбол Әзімжан 31 арна эфирінде.

Сонымен қатар 31 арна эфирінде  халық қалаулылары да Алаш арыстарының көзсіз бейнесіне қарсы пікірлерін айтты.

– Алаш арыстарын біріншіден қорлау. Екіншіден бұндай көзқарастағы азаматтарды тек заңдық негіздегі емес, біздегі өзімізде ел арасында қоғамдық айыптау пайда болуы қажет, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ернұр Бейсенбаев.

Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл "Алаш зиялыларына жалпы зиянын тигізбеу керек кім болса да" - деді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері де Алаш арыстарын көзсіз бейнелеп, оны киімге басу дұрыс емес екенін айтты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста