Абай облысының әкімдігі Семей орманындағы өртті сөндіру кезінде жоғалып кеткен 14 маманның барлығы қаза болды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өрт кезінде жоғалып кеткен орманшылықтың барлық 14 қызметкері өлі табылды деген ақпарат тарала бастады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі растаған ресми деректерге сәйкес, орман шаруашылығында қаза тапқан үш қызметкер ғана табылды. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз», - делінген әкімдік мәлімдемесінде.