Қарашаның 7-сі
Туған күн иелері
Орынша Қарабалина-Қазыбаева (1932) – педагог, ардагер ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, бірнеше көркем және публицистикалық кітаптардың авторы;
Рәтбек қажы Нысанбайұлы (1940) – шығыстанушы, құрметті мүфти;
Еділ Ерғожин (1941) – химия ғылымының докторы, профессор, академик;
Рахат Нұрпейіс (1946) – КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші;
Сауытбек Абдрахманов (1951) – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ президенті, жазушы;
Жанат Жарасов (1951) – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-майор;
Владимир Жұмақанов (1955) – ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары, генерал-лейтенант;
Мейрамбек Таймерденов (1958) – Алматы қалалық сотының төрағасы;
Мұқаш Ескендіров (1960) – «Қазфосфат» ЖШС бас директоры;
Аманжол Оңғарбаев (1968) – «Сыр-Медиа» ЖШС-нің Бас директоры, филология ғылымының кандидаты;
Ләззат Ибрагимова (1972) – «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының басқарма төрайымы;
Мейрамбек Бесбаев (1976) – белгілі әнші, продюсер;
Ерлан Жүніс (1984) – ақын;
Дархан Бейсенбекұлы (1984) – «Алаш айнасы» газеті Бас редакторының орынбасары, жазушы.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
ОРЫНША – тек қазаққа ғана тән есім. Қазақтар бір-бірімен кездесе қалғанда «барлығы орынша ма?» деп қал сұрасады. Мұның астарында «бәрі жақсы ма, бала-шаға, ел-жұрт, мал-жан аман ба?» деген мағына жатса керек. Мағынасы жағынан келіңкіремесе де «орынша» сөзі парсы тілінде де қолданылады. Атап айтқанда, ол тілде бұл сөз «жарқын», «анық» және «айқын» деген мағынаға ие. Ел ішінде сирек кездесетін есім.